Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматы қаласында Отбасы күніне орай «Елбасы медалі» бағдарламасының аясында отбасылық эстафета өтті

Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.  Осы орайда «Елбасы медалі» бағдарламасының Алматы қаласы бойынша белсенді жастары өз отбасыларымен 2021 жылдың  12 қыркүйегінде  «Отбасы күніне» орай Алматы қаласында ұйымдастырылған «Спорттық отбасы» атты эстафетаға 10 отбасы қатысты.

Аталған шараның мақсаты бағдарламаға қатысып жатқан жастарға отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттау, Отанға деген сүйіспеншіліктің отбасынан бастау алатынын түсіндіру  болып табылады.

«Спорттық отбасы» атты эстафета 3 кезеңнен тұрды. Әлеуметтік желіде өздерін таныстырып, отбасылық бейнероликтерімен сүйікті істерін ерекше көрсеткен ең үздік 10 отбасы ғана ақтық мәреге жолдама алды. Алғашқы 2 кезеңнен сүрінбей өтіп, алға шыққан үздік 10 отбасы арасында 5 сайыстан тұратын  командалық жарыс болып,  әр отбасы жүлделі орын үшін сынаққа түсті.  Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар мен сертификаттар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысы негізінде бекітілген,  балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын» орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды челленджі болып саналатын «Елбасы медалі» бағдарламасы Алматы қаласы бойынша бастау алған болатын.

«Елбасы медалі» бағдарламасын «El Umiti» бастамасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры және «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры жүзеге асыруда. Жобаны ұйымдастырудағы серіктестердің бірі — «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ болып табылады.

«Елбасы медалі» бағдарламасы Қазақстанның балалары мен жастарына бағытталған, ондағы мақсат жастарды қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, өздерінің даму жоспарларын іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға көмектеседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз