Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
426
+0.43
EUR
499
-2.73
RUB
5.8
-0.05

Алматы билігі бірқатар жер телімдерін мемлекет қажеттілігі үшін қайтарып алады

Бұл туралы әкімдіктің қаулысы «Вечерний Алматы» газетінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, Жандосов көшесін ары қарай созу үшін Наурызбай ауданындағы Жандосов көшесінің Яссауидан Момышұлы көшесіне дейінгі аймақтағы жер учаскелері мен жылжымайын мүліктер мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлі түрде тартып алынады.

Одан бөлек, жеңіл рельсті көлік жолын төсеу үшін Алмалы, Әуезов, Наурызбай аудандарындағы жерлер мен жылжымайтын мүліктер мәжбүрлі түрде алынады.

Сонымен қатар, жол айрығын салу мақсатында Құлжа тас жолы мен Медеу ауданының Бұқтырма көшесі қиылысындағы, Түрксіб ауданындағы жерлер мен жылжымайтын мүліктер алынады», – деп жазылған жарияланған қаулыда.

Жерді мәжбүрлеп алу шаралары 2020 жылдың 31 желтоқсанында басталады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз