Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Алматы әуежайының сатылымы: меншік иесі қағаз жүзінде ауысты ма, әлде тиімді келісім болды ма?

714
Сурет: Sputnik Казахстан

Алғаш рет TAV Airports түрік консорциумы «Алматы халықаралық әуежай» АҚ-дан үлес сатып алуды жоспарлағаны туралы 2019 жылдың қазан айында белгілі болды.

«Менің ойымша, бұл қызмет көрсету сапасын жақсарту және қосымша инвестиция тарту тұрғысында жақсы қадам болады. Менің білуімше, бірнеше әуежайды басқаратын компания келеді. Франциядағы екі әуежайға да иелік етеді екен», — деді 12 қазанда Үкімет отырысында Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Келісімнен пайда бола ма?

Шынында да, TAV Airports акцияларының 46,12%-ы әлемнің 26 халықаралық әуежайын басқаратын Француз ADP тобына тиесілі. Яғни, сатып алушылар өз облысына жаңа келгендер емес. Әуежайларды иелену де мейрамхана немесе мұнай саласындағы бизнес секілді. Әйтпесе, пайдасыз боп көрінген активтерге инвестиция салудың мәні қандай?

Алматы әуежайын 415 млн АҚШ долларына сатып алды. Бірақ бұл жаңа меншік иесінің  соңғы шығындары емес. 12 қазан күні

Бейбіт Атамқұлов Groupe ADP компаниясы меншік иесі қатарына кірген соң Алматы әуе айлағына қосымша инвестициялар салатынына үміт артатынын мәлімдеді

Инвеститция шынымен де қажет. Әуежай иелері қолданыстағы терминалды қайта жаңартуға және жаңа терминалды салуға, сондай-ақ ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге соншалықты қаржы жұмсайды.

Алматы әуежайының иесінің ауысуында түсініксіз мәселе бар. Қараша айында, түрік консорциумының  Қазақстанға келетіні туралы жаңадан айтыла  бастаған кезде мәміленің сомасы мүлдем басқа болатын.

«Біз Алматы әуежайы бойынша мәміле құнын шамамен 180-210 млн АҚШ долларына бағалаймыз. 2019 жылдың 1 қазанында әуежайдың активтері 218 млн, міндеттемелері 36 млн долларды құрады

Нәтижесінде, әуежайдың жеке капиталы шамамен  180 млн долларды құрайды

Мәміле бойынша  бүкіл акция пакетін  толығымен сатып алатынын ескере отырып, сатып алушы капиталдың 10-20% көлеміндегі бақылау сыйақысын төлеуі мүмкін», – деді жарты жыл бұрын «DAMU Capital Management» ЖШС Бас директоры Мұрат Қастаев.

Көлеңкеге кету

Бағасы екі есеге қымбаттайтындай әуежайда қандай өзгеріс болды? Venus Airport Investments B. V. атынан бұрынғы меншік иелері өз активіне 2011 жылдан бастап иеленгеніне қарамастан, қандай да бір әсерлі инвестиция жасамады. Мұнда тағы бір түсініксіз жайт бар. Қазақстандық кейбір бизнесмендердің  аты-жөндерін Алматы әуежайымен байланыстыруға болады.

Venus Airport Investments B.V. жалғыз иесі сингапурлық Steppe Capital Pte. Ltd, ол Тимур Құлыбаевтың бақылауында

Әуежайға жақын орналасқан №405 авиажөндеу зауыты тепе-теңдік негізде Еуразиялық топ — Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиевке тиесілі. 2011 жылға дейін Алматы әуе айлағы Meridian Capital және SAT Info Systems меншігінде болды.

Tav Airports негізін қалаушы және бас директоры Сани Шенер Тимур Құлыбаевтан әуежайды сатып алу туралы келісімге қатысты жағдайды түсіндіре отырып, былай деді:

«Қазақстан  географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да аймақтағы ірі елдердің бірі. Алматы — елдің ең ірі қаласы, оған ЖІӨ-нің 20 пайызы тиесілі. Сонымен қатар, бұл Қытай, Еуропа мен Африканы қосатын «Заманауи Жібек жолының» орталығы. Оның әлеуеті жоғары, білімімізге сүйене отырып, оны толық көлемде іске қосу мақсатында  жұмыс істейтін боламыз».

Бұл жерде тағы бір түсініксіз жайт пайда болады — қазақстандық олигархтар не үшін және не себепті  осындай тиімді активтен бас тартты? Француздар мен түріктер «тұтқасыз чемодан» сатып алып, ақымақтық жасады ма?

Келісімнің екі нұсқасы

Әуежай меншік иесін қағаз жүзінде түрде ауыстырғанын айтады. Ал оны түрік консорциумы қазақстандық ақшаға сатып алған.  Сонымен қатар, ресми түрде мәлімделгеннен сомадан басқа көлемде келісім жасалған.

Біреу елден бұрын шығарылған капиталдарын сақтау мәселелерін шешіп жатса керек

Бірақ басқа нұсқасы да бар. Көптеген түсініксіз жайттың жауабы мемлекеттің Қазақстанға ары қарай да инвестиция  тартуға қатысты шарасына байланысты.  Алматы әуежайын сатып алу-сату туралы келіссөздер басталар алдында Үкімет инвестициялық жол картасын қабылдады.

Сол кезде Президент Тоқаевтың «шенгеннің» аналогы «Достастық визасын», енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша белсенді жұмыс басталды. Шенеуніктер Қазақстан қалаларының халықаралық әуе қатынасын дамыту мәселелерін де қоса шешу керек.

Рас, бұл жол картасының бюджеті туралы ақпарат ашық көздердің ешбірінде жоқ. Әуежайды сату мәмілесі мен осы стратегиялық құжаттың пайда болуы сәйкестік те келуі мүмкін. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның тарихында барлық мемлекеттік бағдарламаларды мемлекет қаржыландырды.

Ал егер әуежайдың жаңа сатып алушысы қазақстандық шенеуніктердің жоспарлары мен шешім қабылдау тәжірибесі туралы біле тұра, олжалы боғысы кеп қармақ салса не болады? Немесе осындай шығынды объектіні сатып алғаны үшін қандай да бір жағымды балама ұсыныс алды ма?

Әзірге біз Алматыда әуе бизнесін жасаудың артықшылықтары мен  әлеуеті туралы шындықа жанаспайтын пікірлерді естудеміз.  Карантин және авиация саласы тоқтап тұрған кезде  әуежайды сатып алу — өте түсініксіз шешім.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз