Бүгін Алматы қаласы әкімінің есепті кездесуі алдында Дильнара Инсенова есімді тұрғын ұсталды.
Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Банкпен арадағы жеке дауға байланысты бірқатар адамдармен біріккен алматылық Дильнара Инсенова Алматы әкімінің есепті кездесуіне кедергі келтірмек болып барынша әрекеттенді. Ол қазір ұсталды», – делінген хабарламада.