Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Алматы әкімдігі қала ішіндегі жолдардың қашан жөнделіп бітетінін айтты

Асқаров көшесінен Әл-Фараби даңғылының батыс бөлігіндегі ұзындығы 3,5 шақырым болатын су жүйелері қайта жасалуда, соның арқасында қыркүйек айында 200 мыңға жуық қала тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қала әкіміне қайта жасалған учаскеге қара асфальт төселген соң 30-тамызда көлік қозғалысының ашылатындығы баяндалды. Алматы әкімі Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысына жұмысты жеделдетуді әрі сапалы атқаруды, аумақты көріктендіруге баса назар аударуды тапсырды.

Мегаполис басшысы Жұбанов, Төле би, Мәметова және Қазыбек би көшелері бойындағы жылу жүйелерін қайта жасау жұмыстарын да тексерді.

«Төле би — үлкен көлік легі бар магистарльды көше. Мұнда ұзындығы 1,6 км болатын аумақта күшейтілген режимде жөндеу жұмыстары жүруде, технологиялық процесс толық сақталуда. Жұмысты 25-қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отырмыз.Төле би бойымен Масаншыға бұрылатын жерден Қарасай батырға дейінгі аумақтағы жөндеу жұмыстарын тамыз айында бітіреміз, сонымен қатар Маметова мен Қазыбек би көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын да осы мерзімде толық аяқтаймыз», — деді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС директоры Ерболат Аманғалиев.

Жалпы, жаңа жылу маусымына дейін ұзындығы 32 шақырымнан асатын жылу жүйелері жөндеуден өтеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Жұмыстар жаңаша изоляцияланған құбырларды қолдану арқылы жүруде, бұлардың пайдалану мерзімі – 40 жыл.

Сонымен қатар, қалада Фурманов, Абай, Хмельницкий көшелерін үңгілеу және бірнеше жолайрықтарын салу жұмыстары одан әрі жалғасады.

Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, оның солтүстік бөлігіндегі көлік қозғалысы 1 қыркүйекте, ал оңтүстігіндегі көлік қозғалысы 1-қазанда ашылатын болады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз