Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қалмұхамбет Қасымов жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл сомасын төмендетуге қарсы

311

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“Менің ойымша біз белгілеген айыппұл мөлшерлері тура қойылған. Біз кейбір айыппұлдардың мөлшерін көбейттік, себебі әлемдік тәжірибеге сай, ол ереже бұзушылықтар жол апатына алып келіп жатады. Мен сіздерге айтайын, соңғы тәжірибеде айыппұлдардың көбеюіне байланысты жол ережесін бұзу азайғанын көруге болады. Біз айыппұл мөлшерін көбейткен жерлерде ереже бұзушылық аз: қарсы бетпен жүру, жылдамдықты асыру. Сондықтан да айыппұл мөлшерін төмендетуге еш негіз көріп тұрғаным жоқ”, – деді министр.

Сонымен қатар, басқа да айыппұлдардың мөлшерін төмендетуді қарастыратынын айтты.

“Ал басқаларын біз қарастырып көрейік. Мысалы, рұқсат етілмеген жерде тұраққа қою, сызықты кесу, яғни, бұларды қарастырып көруге болады. Бірақ жол апатының орын алуына себеп болатын ережені өзгертуге негіз жоқ деп ойлаймын”, – деді ол.

Еске сала кетелік, қоғамда жол ережесін бұзғанда салынатын айыппұл көлемі қазақстандықтардың табысынан да асып кететіні, сондықтан ол төленбей қордаланып, адамды әбігерге салатыны кеңінен талқыланып, сыналған. Бұл мәселені ҚР Парламенті Мәжілісі қабырғасында да бірқатар депутаттар көтерген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз