Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алқабилер бес сотталушыны Немцовтың өліміне кінәлі деп шешті

Сотта Дадаев пен ағайынды Губашевтер тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты, олар тергеу кезінде азапталғанын мәлімдеді.

Алқабилер үш күн бойы Мәскеу округтық әскери сотта ақылдасты.

Тараптар шығарылған үкімді 11 маусымда талқылайды.

Немцовтың өліміне қатысты іс бойынша сот өткен жылы қазанда басталды. Тергеу шабуылға тапсырыс беруші әрі ұйымдастырушы ретінде Шешенстан ІІМ бұрынғы қызметкері Руслан Мухудиновты атады. Оған іздеу жарияланды.

Немцовтың туыстары мен жақтастары саясаткердің өліміне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қатысы бар деп отыр. Олар қылмысты ұйымдастырушы ретінде “Север” батальоны командирінің бұрынғы орынбасары Руслан Геремеевті атады. Бірақ екеуі де тергелген жоқ.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеудегі Үлкен Москворецк көпірінде өлтіріп кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз