Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алик Айдарбаев “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының төрағасы боп тағайындалды

156

Айта кетелік, бұған дейін Алик Айдарбаев „Самұрық-Қазына„ ұлттық әл-ауқат қоры басқармасы төрағасы Ахметжан Есімовтің орынбасары боп қызмет атқарған. Ал осыған дейін бұл қызметте болған Сауат Мыңбаев “Қазақстан теміржолы” Ұлттық компаниясы” АҚ басқармасының төрағасы боп тағайындалған еді.

Айдарбаев Алик Серікұлы 1963 жылы Алматы облысының Александровк ауылында туған. Ең алғашқы жұмысын 1985 жылы “Жетыбаймұнай” кенішінде оператор технолог боп бастаған. Көптеген жылдар бойына ол мұнай саласындағы басшылық қызметтерді атқарды (Оңтқазмұнайгаз”, “Құмкөл-ЛУКОЙЛ” “Торғай Петролиум”, “Маңғыстаумұнайгаз”,”ҚазМұнайГаз”).

2011-2013 жылдары “ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ-тың бас директоры. 2013 жылы Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі де болды. 2017 жылы Инвестиция және даму вице-министрі, 2018 жылы „Самұрық-Қазына„ ұлттық әл-ауқат қоры басқармасы төрағасының орынбасары боп қызмет атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз