Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Әлі жеңген жоқпыз…”. Гүлжан Мәуітханның дауы тағы бір мәселенің шетін шығарды

Менің негізгі көтерген мәселем, Гүлжан Мәуітхан апайымыз тарапынан жасалған әрекетте қылмыс құрамы болған жоқ дегенді дәлелдеу. 10 мың доллардан асатын қаржысы бар адам шекарадан өткен кезде де, кіргенде де декларация толтыру керек деген талап бар. Оны орындамаған жағдайда экономикалық контрабанда деген баппен айыптау барып тұрған сауатсыздық. Егер Қазақстаннан осындай сомамен шығып бара жатса орынды. Себебі

ол адам Қазақстанның экономикасына белгілі жағдайда нұқсан келтірді.

Ал елге кіріп келе жатқан адам еліміздің экономикасына қандай нұқсан келтіруі мүмкін?

Еуропада қалай?

Еуропаның 7  мемлекетінің қылмыстық және қаржы қарым-қатынасына байланысты заңнамасын оқып шықтым.

Еуропа елдерінде ақшамен кірген адамды инвестор деп атайды екен.

Мәселен сіз Британияға 3 млн. доллармен барсаңыз сізге инвест виза береді. Инвест виза иегерінің құқығы жергілікті британ азаматтарынан да артық. Ал бізде экономикалық контрабандамен соттайды.

КСРО кезінен бері қалыптасқан заңды бұзып, ешқандай қылмыс құрамы жоқ деп болашақта да сот тәжірибесін өзгертемін деген үміті болып еді. Оның ішінде басқа да заң бұзушылықтарды атап өттік. Оның бірі  тілге байланысты. Бұл кісі кириллица қарпін білмейді. Латын қарпімен оқыған. Сондықтан Гүлжан Мәуітхан берген барлық жауаптарын жоққа шығарған. Соның негізімен тіл заңнамасын бұзу деген қылмыстық процестік кодекстің  талаптарын бұзу болып есептелді. Апелляциялық алқадан тергеуге қайтадан қайтарылып,

Гүлжан Мәуітхан тергеуде қайта жауап бергенде, ақшаның тек Гүлжан Мәуітханға ғана емес басқа да кісілерге тиесілі екенін дәлелденді.

Бұл мәселені былай қалдырмаймын

Менің мақсатым –  сот тәжірибесін өзгерту. Себебі Мәуітхан апайымызға дейін де қанша қандастарымыз зардап шеккен. Сол істердің барлығын жинақтап жатырмын.

Мен парламент депутаттарына, Бас прокуратураға осы заңды, тәжірибені өзгертуге қауқары жететін мекемелердің барлығына барамын. Тек осымен айналысамын деген азамат болса мен де барлық материал дайын тұр.

Бұл тек Г.Мәуітхан апайымыздың ғана жеңісі болып қалды.

Сондықтан мұны толық жеңіс  деп айтуға келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, Зайсан аудандық соты «Майқапшағай» шекара бекетінде 49 990 долларынан айырылған Гүлжан Мәуітханның ісін қайта қарады. Алайда шекарада 50 мың долларынан айырылған жалғызбасты әйелдің тек 9 900 доллары ғана қайтарылатын болған.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты жалғызбасты әйелді 234-бап бойынша айыпты деп таныған. Сондай-ақ, 68 мың теңге айыппұл салған. Ал, қалған 40 мың доллар мемлекетке кіріс болып бекітілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз