Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Әли Оқаповтың менен озғанын көре алмаймын”. Нағима Есқалиеваның ұлы кімге ашулы?

https://www.instagram.com/p/BXWEVQhDHfY/?taken-by=dias_ablayev

Бұдан өзге, Халық әртісінің ұлы репертуарындағы әндерді өзі жазатынын айтты. Сондай-ақ, көптеген іс-шараларда анасының атымен таныстырылатынын айтып ренжіді.

«Әрине, бұл проблеманың 2 себебі бар: біріншіден – мені әртіс ретінде танымайды, ал екіншіден – жеке әрі қалыптасқан әртіс ретінде мойындамайды. Бұл орайда Әлиге аздап қызғанышпен қараймын. Ол өзін мойындатты. Ал мен бұл мәселеде кешігіп жатырмын», – дейді Диас ағынан жарылып.

Диастың айтуынша, тіпті, ең жақын достары да оның әртіс болып кеткеніне үйренісе алмай жүр.

«Біреу суретке түсуге келсе немесе жылы лебізін білдіріп жатса, достарым таңғалады. Мені мазақ қылып, жаныма келген адамдардан: «Ал сіз кіммен суретке түспекшісіз? Мына жігітпен бе? Ал бұл кім?» – деп сұрайды. Бірақ бұл бір жағынан жақсы. Себебі кім болсам да, достарым үшін мен баяғы Диаспын», – дейді әнші.

Сөз соңында Есқалиеваның ұлы сахнада барын салып жүргенін, алайда көрермен ықыласының төмен екенін жеткізді.

«Демек табандылықпен жұмыс істеу қажет», – деп түйіндеді сөзін ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз