Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Тайраңдап жүр”. Туған қызын тепкілеген әке әлі жауапқа тартылмаған

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Гүлнұрдың отбасында болған сұмдық оқиға өзі жалдап тұратын үйдің сыртқы бейнекамерасына жазылып қалған. Сол күні ол күйеуіне балаларымен серуендеп келуіге рұқсат берген екен. Бейнежазбада безбүйрек әкенің қара «Джиппен» келгені көрінеді. Бірақ неге екені белгісіз кішкентай бауырларын күтіп алуға келген 10 жастағы Анельді көкірегінен итеріп жібереді. Әкесінен мұндайды күтпеген қыз үйіне қарай қашып бара жатқанда, ер адам оның соңынан қуып соққының астына алыпты. Кейін қарындасының дауысын естіп сыртқа шыққан 16 жастағы үлкен ұлын да тепкілеп тастайды.

«Мені таң қалдырғаны, баламды соққыға жыққан әке әлі күнге дейін қамауға алынбаған, құзырлы органдар, оны тіпті, жауап алуға шақырмаған сыңайлы. Тек, «қалада жоқ, сол себепті шақыртпадық» дейді. Сонда туған баласын тепкілеп, миын шайқалтқан адамнан полиция қалайша әлі түсініктеме де алмаған?» – қорлық көрген келіншек Гүлнұр.

https://kaz.365info.kz/maskhara-goj-astanada-tugan-khyzyn-tepkilegen-akege-khatysty-symdykh-zhajt-belgili-boldy-306360

 

12 жастағы жеткіншектің мектептен қалып, ауруханада жатқанына бүгін 6 күн болыпты. Дәрігерлер оған миы шайқалған деген диагноз қойған. Ақ халаттылар кішкентай қыздың сауығып келе жатқанын жеткізді. Одан бөлек, мамандар соңғы кездері үлкендерден жәбір көріп, емханаға түсетін балалардың саны артып келе жатқанын да айтып қалды.

«Бізде қазіргі уақытта соққыдан, жәбір көрген балалар жиі келіп түседі. Ондай балалар емханаға келіп түскен бетте, 102-ге хабарлаймыз. Олар келіп мәселені шешуге тырысады. Кейбір балалар келеді, төсектен, үстелден құлап түскен. Ол енді ата-анасының жауапсыздығынан» – дейді №2 балалар ауруханасы, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Ербол Қозыбағаров.

Өзі мен балаларының болашағы үшін жүзін көрсеткісі келмеген Гүлнұр күйеуімен 15 жыл бойы бір шаңырақтың астында өмір сүрдім дейді. Бірақ содан бері көрген күнім қорлық деп егіледі. Болмашы нәрсе үшін жұдырық ала жүгеретін күйеуінің мінезіне балалары үшін төзіп келіпті.

«Барлығы мені қазір айыптауға әзір. Неге оның сондай мінезін білгенде, ертерек ажырасып кетпедің дейді. Бірақ мен балаларым әкесіз өспесін деп, мүмкіндігінше оның жағына шығатын едім. Бәрі бекер екен. Маған қол көтерсе мейлі, бірақ туған перзентін тепкілеп тастағанын қалай кешіруге болады?» – дейді қорлық көрген келіншек Гүлнұр.

 

https://kaz.365info.kz/astanada-mas-ake-11-zhastagy-khyzyn-sokhkhyga-zhygypty-306134

Осы оқиғаға қатысты қалалық ішкі істер департаментіне хабарласқанымызда, олар орын алған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Сондықтан “басқа мәліметтерді жариялай алмаймыз” дегеннен әріге аспады. Одан бөлек, Анельдің жағдайын еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева да көріп келіпті.

«Тергеушілермен бірге бардым. Қыз ештеңе айтпайды. Бала ғой. Әкесін жақсы көреді. Ешқандай баға бере алмаймын. Бірақ қазір жағдайы жақсы. Емделіп жатыр» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Қазір бес баласымен пәтер жалдап күнелтіп отырған келіншек «Джип» мініп жүрген безбүйрек әкенің алимент төлемеуі үшін айлығым 40 мың теңге деп жалған анықтама жасатып алғанын айтады. Бірақ Гүлнұрға ол маңызды емес. Келіншек өзі мен балаларын жайына қалдырып, ұлы-қызына қол көтерген әке заң алдында жауап берсе дейді.

 

 

https://kaz.365info.kz/kholynda-balta-kyjeuinin-ezgisine-shydamagan-ajel-yjin-tastaj-khashty-video-306989

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз