Байқасаңыз, Қазақстанда түріктер көбейіп барады. Жеріміздің кеңдігі, халқымыздың аздығы мен қазақтардың көнбістігі ұнайтын шығар оларға. Кім білсін?
Алматыда жедел жәрдем көлігінің қарт жүргізушісіне жұдырық жұмсаған жігіт – қазақ қызына үйленіп алған 28 жастағы Түркия азаматы Али Демир екен.
Оған Volkswagen автокөлігін сатқан кісі де – бір түрікке тиіп алып, Қазақстанда тұрып жүрген қазақтың қызы, Айгүл Озкылыч болып шықты, дейді “Алматы” телеарнасы.
«Қалай алданғанымды білмеймін». Түрікке тиген қазақ қызы ағынан жарылды
«Ол көліктің ақшасын толық төледі. Біз оған сеніп, оның аты-жөнін сақтандыру полисіне енгіздік. Сөйтіп жүрген көшеде. Мына оқиға менің жағамды ұстатты. Али Демир жол ережесін жиі бұзып, айыппұлдар көп келетін. Төлеп жүрмін деп анда-санда квитанцияларын көрсетіп жүретін», — деп қосты Айгүл Озкылыч.
«Біз өзіміз шетелде жүргенде заң бұзбауға тырысамыз ғой. Меніңше, бұл жерде оның шетелдік азамат екеніне баса мән беруіміз керек сияқты. Мұндайларды бірден елден шығарып тастау керек, деп ойлаймын. Өзгелерге сабақ болсын»,
– деп мәлімдеді депутат Бақтияр Мәкен.
Алматыда ресторан ұстайтын бір түрік даяшы қыздармен ойнас құрады