Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қалай алданғанымды білмеймін”. Түрікке тиген қазақ қызы ағынан жарылды

Әсел түрік күйеуінен жүкті болып, бір жылдан соң ұлдары өмірге келіпті.

https://kaz.365info.kz/k-jeuimni-k-zine-sh-p-salamyn-246658

«Күйеуім Түркияға жылына екі-үш рет қана баратын. Онда да іссапармен деп түсіндірді. Кейде ұялы телефонына түрікше сөйлеп әйелдер хабарласатын. Оны да маған «жұмыс бабымен Түркиядағы серіктестерім хабарласты» дейтін. Осы сөзіне сеніп жүре беріппін. Үш жылдан соң күйеуім Түркияға жұмыспен кетіп, оралмады. Алғашқы үш-төрт ай телефон арқылы хабарласып тұрды. Сосын мүлдем жоқ болды. Аға, әпкелеріне хабарлассам, ұялы телефондары сөндірулі. Жолдастарынан білдім, күйеуім Түркиядағы отбасысына оралыпты. Маған ажырасып кеттім дегені өтірік екен», – деді Әсем Асхатқызы.

27 жастағы астаналық ана қазір ұлын жалғыз тәрбиелеп отыр. Қазақ қыздарына шетелдік жігіттермен байланыс құрғанда абай болып, от басып қалмаңдар деп кеңес береді.

Ал психологтар болса, қыздардың шетелдік жігіттермен отбасы құруына қазақ азаматтарының да кінәсі бар деп отыр.

«Түрік, италиялық жігіттер қазақ азаматтарына қарағанда қыздарды көңілің жақсы табады. Көбісі романтик. Кездесуге гүл көтеріп келу, ерекше тосынсый ұйымдастыру сынды әдіс-тәсілдері көп. Ал қазақ жігіттері ондай романтикаға бара бермейді. Менталитет қой. Әйелдер осы қасиетті ерекше бағалап, «ой шетелдік азамат керемет екен, өте мәдениетті» деп етегінен ұстап жатады. Оның барлығы шынайы емес. Көзбояушылық болуы да мүмкін. Талай естіп жүрміз. Шетел асып кеткен қыздарымыздың, елге жылап оралғанын», – дейді отбасылық психолог Дана Ізгілікова.

https://kaz.365info.kz/vypusknojga-akhsha-tap-ajtpese-erkekpen-zhatam-korshinin-khyzy-ne-dejdi-262734

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз