Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Әлі былқылдап тұр…”. Әдемі қартайған әйелдер кімдер?

332

https://kaz.365info.kz/tyrmajdy-akhbota-yshinshi-kyjeuimen-de-arasynyn-bylingenin-mojyndady-video-319563

Біз әлемді өзгерткен әйгілі әйелдердің жастық шағы мен қарттық кезеңіне үңіліп көрдік. Екі суретте екі адам сияқты әсер қалдырғанымен, қартайған шағында да ол кісілердің өз сүйкімін жоғалтпағанын байқаймыз. Әдемі қартаю дегеніміз – осы болар?..

Одри Хепберн – атағы бүкіл әлемге тараған британиялық актриса. Америка кино тарихындағы ең ұлы актрисалардың бірі. Оның сұлулығын суреттеуге сөз жетпейтіндей. Мінсіз мүсін иесі жиырмасыншы ғасырдың ең жарық жұлдызы болды.

Брижит Бардо – аса танымал француз актрисасы. Өз заманында «сұлулық символы» атанған ол жиырмасыншы ғасырда «стиль тудырушы» (икона) дәрежесін иеленген. Әлем бикештері Брижитке қарап бой түзеген.

https://kaz.365info.kz/seksi-goj-24-zhasar-syludyn-zhelige-zhyktegen-suretterin-korgen-zhigitter-gashykh-bop-khaldy-319720

Элизабет Тейлор адамзат тарихындағы ең танымал актрисалардың бірі болды. Голливуд патшайымының көзінің түсі сол заманда сирек кездесетін түс еді. Әлемдегі ең сұлу әйел атанған ағылшын-америкалық актриса «Оскар» сыйлығын үш рет жеңіп алған.

Елизавета ІІ – 1952 жылдан бері Ұлыбританияны басқарып келе жатқан патшайым, тарихтағы ең кәрі монарх. Жасы жүзге таяп қалған патшайым әлі күнге дейін саясат сахнасынан ығысқан жоқ. Ол әлемдегі ең ықпалды әйелдер қатарында.

Софи Лорен – аты аңызға айналған италиялық актриса, «Оскар» сыйлығының иегері. Сұлулығымен күллі әлемді тамсандырған актриса бүгінде 80 жастан асса да, қарттыққа берілмеген. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыз-келіншектер Софи Лорен сияқты қартаюды армандайды.

https://kaz.365info.kz/ashykh-shashykh-edim-semenovich-madinamen-suretke-tyspeuinin-sebebin-ajtyp-khojdy-video-319715

Алла Пугачева – орыс өнерінің арғы, бергі тарихындағы ұлы әншілердің бірі. Жетпіске таяп қалған әншінің әндері бірнеше ұрпаққа рухани азық болды.

Сұлулығымен айналасына шуақ шашып келе жатқан танымал әйелдердің бірі – ресейлік терапевт, педагог, профессор Елена Малышева. Көпшілік оны Ресей арналарынан көрсетілетін «Денсаулық» және «Жить здорово!» бағдарламаларының жетекшісі әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды.

Сұлулық жайлы сөз болғанда өз ұлтымыздың жүзін шуақ сүйген ажарлы арулары туралы айтпай өте алмаймыз. Қаны таза қазақ қыздарының әдемілігі том-том кітапқа арқау болған.

Бибігүл Төлегенова – ұлтымыздың мақтанышы, опера әншісі. Бүгінде 90 жасқа таяп қалған аяулы апайымыз жас кезінде сұлулығымен, дауысының кеңдігімен (сопрано) алыс-жақын елдерге танылған. Бұлбұл әнші саналы ғұмырын қазақ өнерінің дамуына арнап келеді.

https://kaz.365info.kz/iygyma-pyshakh-sykhty-zhaniya-aubakirovaga-khatysty-symdykh-malimet-zhariyalandy-319627

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» рөлін сомдау арқылы көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Ерекше сұлу актриса қазақ қыздарының сұлулық символына айналды.

Роза Рымбаеваны танымайтын қазақ жоқ. Жас кезіндегі талдырмаш мүсінін, сұлу келбетін сақтай алған қайталанбас дауыс иесі алпысқа аяқ басудың алдында тұрса да, қарттыққа мойынсұнбаған. Қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан шоқтығы биік әншінінің сахнада жүргеніне қырық жыл толды.

Мақпал Жүнісова жас кезінде өте сұлу болған. Сәнді киінетін әнші бойжеткен бірден халықтың махаббатына бөленді. Өз биігінен түспей келе жатқан Мақпал апайымыз 50 жастан асса да сұлулығын жоғалтпаған. Талғамы биік әншінің киім киюде де өзіне тән стилі бар.

Дереккөз:  massaget.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз