Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Әлгі қыз ғой». Қазақтарға жақсы таныс корей актрисасы Сон Хе Ге тұрмысқа шықпақ

445

 

“Сәлеметсіздер ме! Бұл Blossom Entertainment және UAA. Ең алдымен, біз корей және халықаралық жанкүйерлерге Соң Джун Ки мен Соң Хе Геге деген қызығушылықтары мен махаббаттарына алғыс білдіреміз.

Бұдан бөлек, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, себебі біз таңғажайып жаңалықты жеткізіп тұрмыз. Соң Джун Ки мен Соң Хе Ге үйлену тойларын қазан айының соңғы күні өткізеді.

Үйлену – бұл жеке шаруа ғана емес, екі отбасының тоғысуы, сондықтан қарым-қатынастың егжей-тегжейі сыпайылықты талап етеді. Сол себепті, үйлену тойы белгіленгенше абай болуға тырыстық, сондықтан, міне, осы хабарды жеткізіп тұрмыз.

Бәріңізді түсіністік танытуға шақырамыз. Бұл жұпқа тек жақсы тілектеріңіз бен жарқын болашақ тілеулеріңізді сұраймыз, екі актер де жанкүйерлеріне осы хабарды бөлек-бөлек жеткізе жатар. Рақмет!”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, корей актерлері Соң Джун Ки және Соң Хе Ге “Күн ұрпақтары” телехикаясында бірге ойнап, махаббаттары сол жобадан кейін өрбіген. Бұған дейін екі актердің шын өмірде де кездесіп жүргендері жайлы түрлі қауесет шыққан болатын.
Еске салайық, ең алғаш Сон Хе Ке телеарнаға 1996 жылы “Бақытты күн” дорамасында ойнап шыққан. Және де сол жылы, мектеп оқушыларына арналған киімдердің көрсетілімін ұйымдастыратын компанияның ең үздік моделі деген гран-приді ұтып алады. Кейін бірнеше жарнамаларда, теле-шоуларда көрініп жүреді. Ең үлкен танымалдылыққа ол “Жүрегімде қалған күз” сериалынан кейін ие болды. Сонымен қатар, Кореяда ғана емес Азияның көптеген елдерінде көрсетілген “Нар тәуекел” (“All In”) дорамасындағы Мин Су Енның рөлі оның актрисалық өміріне үлкен жол ашты. Бұл сериалда ол танымал актер Ли Бён Хенмен ойнайды. Хе Ге көптеген қоғамдық істерге белсене араласып тұрады, қоршаған ортаны қорғау және сақтау бағдарламаларымен азиялық пандаларды қорғау бірлестігінің елшісі. Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де осы бірлестіктің елшісі атанған болатын.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз