Әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді өз-өзін өлтіруге итермелейтін топтардың көбею мәселесіне қатысты Астана-Мәскеу-Бішкек телекөпірі форматында арнайы баспасөз мәслихаты өтеді.
Ол сәрсенбіге – 8 ақпан күні сағат 14.00 уақытына белгіленген.
Телекөпірге Астанадан қатысатындар:
— ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы бақылау басқармасының басшысы Азамат ҚАБДЕШЕВ;
— ҚР білім және ғылым министрінің балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бәлия ӘКІМБЕКОВА;
— Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстан ата-аналар қауымдастығының президенті Әмина ЖОМАРТҚЫЗЫ;
— ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі.