Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әлеуметтік желідегі ақылы қызметтердің қайсысы көбірек қолданылатыны белгілі болды

Сарапшылар Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларының әлеуметтік желі қолданушыларының төлемдеріне зерттеу жүргізген.

“Соңғы жарты жылда қазақстандық желі қолданушылар әлеуметтік желіде көңілін аулап, байланысқа шығу үшін былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге шығынданған болып шықты. Елдер “ВКонтакте”, “Мой Мир”, “Живой Журнал”, “Одноклассники”, “МирТесен”, “Фотострана”, Фейсбук, Vichatter сынды әлеуметтік желіге көп шығынданатын болып шықты. Орташа есеппен алғанда бір адам әлеуметтік желіде болғаны үшін 2993 теңгесін жұмсайды”, – делінеді хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, бір жыл бұрын қазақстандықтар бірнеше есе аз шығынданған, яғни 1170 теңге көлемінде.

Төлемдер ойындарға, сыйлық жіберуге, смайлик пен стикерлер алу үшін жұмсалады екен. Одан бөлек премиум-аккаунтқа, рейтинг тобының жоғары жағына шығу үшін, сол секілді “Көрінбейтін адам” режиміне, сонымен қатар өз парақшасына енгендерді қадағалау функциясы үшін ақша шығаратын көрінеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз