Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
17
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Әлеуметтанушылар электрон темекіге өткен шылымқорлар арасында зерттеу жүргізді: нәтижесі таңғаларлық

213

Шолу авторлары атап өткендей, инновациялық өнімдерді пайдаланушылардың көпшілігі дәстүрлі темекіден зияны аздау балама ретінде жасалған түтінсіз өнімдерге ауысқаннан кейін денсаулығының айтарлықтай жақсарғанын айтқан.

Зерттеу авторы, «Стратегия» ҚҚ жобаларының үйлестірушісі Азат Мұхамедиевтің айтуынша,

респонденттердің 47%-ы түтінсіз өнімдерге ауысқаннан кейін жағдайлары айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ерлер де, әйелдер де бірдей дәрежеде оң өзгерістер байқаған. Осылайша, сауалнамаға қатысқандардың 78,6%-ы темекі шегіп жүрген кезеңде денеге және киімге сіңіп қалатын жағымсыз темекі иісінен арылғандарын басты артықшылық деді. Сұралғандар, сонымен қатар, өзге адамдардың оларға жақсы көзбен қарай бастағанын, өзін-өзі бағалаулары артқанын, стресс пен жүйке жүйесі тозу деңгейінің төмендегенін айтады.

«Түтінсіз темекіге өткен барлық жас санатындағылар (21 жастан 60 жасқа дейін) жөтел мен ентігу белгілерінің төмендегенін айтты», – деп атап өтті Азат Мұхамедиев.

– Біз дәрігерлерден пікір алып, бұған көзқарастарын сұрадық. Олардың айтуынша, бұл белгі денсаулыққа әсер етудің өте маңызды факторы. Темекі шегу салдарынан неліктен жөтел пайда болады? Өйткені темекі түтініндегі зиянды заттар тыныс алу жолдарына ұзақ уақыт бойы кері әсер етеді. Нәтижесінде өкпе тіндері зақымдалады, қабыну пайда болады және тыныс алу жолдары тарылады».

Сонымен қатар, зерттеуге қатысушылардың үштен екісі еліміздегі темекі өнімдерін мемлекеттік реттеу шаралары темекі шегушілерді зияны аз никотин өнімдеріне көшуге ынталандырмайды деп есептейді, сондықтан олардың көпшілігі әдеттегі темекіге оралады.

Сондай-ақ, респонденттердің 65%-ы темекі\никотин өнімдерін реттеу тәсілі ескірген және көбіне тыйымдармен шектеледі деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың 64%-ы зияны аз темекі және никотин өнімдері темекі өнімдерінің ішінде ең зияндысы – темекі сияқты реттеледі және бұл тәсіл темекі тұтынуды азайту мақсатына жетпейді деген пікірмен келіседі.

Бұл тақырыпты кейінгі алты айда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен темекі шегуге қарсы ұйымдар ақпараттық алаңда белсенді талқылап жүр, және олар вейптер мен өзге де түтінсіз өнімдердің айналымына толық тыйым салуды ұсынуда. Алайда, көріп отырғанымыздай, тұтынушылардың көпшілігі бұл бастаманы құптамайды.

– Егер адам өз денсаулығын жақсарту үшін дәстүрлі темекімен салыстырғанда зияны аздау қыздырылатын темекі құрылғыларына немесе вейптерге ауысқысы келсе, онда біздің елімізде олар бұл туралы аз ақпараттандырылған, – деп түсіндірді Азат Мұхамедиев.

Сауалнамаға қатысушылар заң шығарушыдан электрон темекіге де, басқа түтінсіз құрылғыларға да сертификат енгізуді қалайды. Олар түтінсіз өнімдердің қаптамаларында тұтынушыға

«бұл өнімде темекі түтінімен салыстырғанда зиянды химиялық заттар аз, сонымен бірге оның құрамында никотин бар және тәуелділік тудырады» деген нақты және түсінікті ескертуді көргісі келеді.

Бұдан бөлек, респонденттер мұндай тауарларды 21 жасқа толмаған тұтынушыларға онлайн сатуға тыйым салуды қалайтындарын атап өтті.

Сонымен қатар, зерттеушілер анықтағандай, қазіргі уақытта мемлекет темекіге қарсы күрес саласында қолданатын шаралардың барлық кешені бастапқыда көзделген нәтижелерге әкелмей отыр.

«Түтінсіз өнімдерге ауысқан темекі шегушілердің көпшілігі темекі шегуге қарсы күрестің ағымдағы шараларының тиімділігіне сенбейді», – дейді «Стратегия» ҚҚ басшысы Гүлмира Илеуова. Біздің зерттеуіміз темекіге тәуелділікті төмендету саласындағы мемлекеттің реттеу шараларына халықтың көзқарасы туралы болатын.

Егер мемлекет тыйым салу шараларына көшсе, демек ол тұтынуды реттей алмай жатқанын мойындайды деген сөз және сәйкесінше темекі тұтынуды біртіндеп азайту үшін дәйекті қадамдар ұсына алмайды немесе қолдай алмайды деген қорытынды жасауға болады.

«Стратегия» ҚҚ мамандары жасаған басты қорытынды – реттеудің заңнамалық шараларын әзірлеу кезінде әлемдік озық тәжірибені де, жалпы ел бойынша никотин өнімдерін тұтынудың қалыптасқан мәдениетін де мұқият талдап, ескерген жөн. Сондай-ақ, темекі шегуге қарсы күрестің бұрынғы стратегиясы аясында қол жеткізілген жетістіктерге сүйену керек – ал мұнда нәтиже анық нөлге тең, деп атап өтті Гүлмира Илеуова.

«Стратегия» ҚҚ 10 жыл бұрын темекі шегушілер арасында да зерттеу жүргізген болатын, сол кезде біз ересек тұрғындар арасында темекі шегушілердің нақты үлесі 30% екенін анықтадық. Бұл жолы да дәл осындай үлес тіркелді – ҚР ересек тұрғындарының 30%-ы темекі шегеді. Ақылға қонымды сұрақ туындайды: мемлекет, мысалы, темекі шегушілердің осы пайызын азайтуды көздей отыра, өткен жылдардағы деректерді есепке ала ма? Қазіргі стратегияның авторлары қай деңгейді жақсартуды көздейді – он жыл бұрынғы 30%-ды ма, әлде қазіргі 30%-ды ма? Реттеушілер бұл шаралар неліктен жұмыс жасамайды деп неге ойланбайды? Ең бастысы, нәтижесінде біз неге жеткіміз келеді? Егер біз халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін жақсартқымыз келсе, онда тиімсіз шаралардың мәні неде екені түсініксіз. Егер он жыл ішінде темекі шегушілердің үлесі бір пайызға да төмендемесе, онда, темекі шегетін халықтың үлесін 10%-ға, тіпті 5%-ға дейін төмендете алған Швеция сияқты, басқа елдердің тәжірибесіне жүгінетін кез келген жоқ па? Бұл, жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша өзімізге бірнеше рет қойып жүрген жауабы жоқ сұрақ, – деп түйіндеді Гүлмира Илеуова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз