Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әлемнің қай елдерінде құдайға тіл тигізгендер жазаланады?

277

Бұлай дейтін себебіміз, әдетте құдайға тіл тигізгендерге өлім жазасы қолданылатын елдердің заңнамасында жазаны жеңілдету жағы да қарастырылған.

Мәселен, Иранның Қылмыстық кодексінің 264 бабында пайғамбарларға немесе ислам дінін қаралайтын сөздер ашу үстінде айтылған болса, я болмаса өзге біреудің айтқанын келтірген болса немесе айыпты адам оны байқамай қателікпен айтып қойғаны белгілі болса, яғни, дәлелденсе, онда өлім жазасы 74 мәрте дүре соғу жазасымен алмастырылатыны айтылған.

Көбіне діннен шыққандарды немесе құдайға тіл тигізгендерді жазалау өзгелерге сабақ болсын, ғибрат алсын деген «көрнекі» мақсатта қолданылады және құдайға тіл тигізуді қылмысқа жатқызып, сол үшін жаза қолдану әлем қауымдастығының наразылығына ұшырап жатады. Ондай жазаға ұшырағандарға батыс елдері ара түсіп, саяси пана беріп жататыны да бар.

Gallup International ұйымының 2012 жылы жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, саудиялықтардың 5 пайызы өздерін атеист санаған. Ал Pew Research Center орталығының арнайы жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, бұл көрсеткіш 0,7 пайыздан аспайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз