Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Магия ғой”. Танымал продюсер Димаштың қалай атақты болғанының құпиясын ашты

255

Имидждің рөлі зор: сәнді шаш үлгісі және байқаудың әр кезеңінде оның киген киімдері өте стильді болды. Үлкен іс атқарылды. Әрине, Димаштың өзінің қатысуымен. Бұл магия ғой.

Бұдан тыс Алуа Қонарова Димаштың репертуарындағы әндер оның дауыс мүмкіндігіне сай мықты таңдалғанын баса айтты.

Қазақстандық авторлар Димаштың вокалдық мүмкіндігін көрсете алатындай ән жазбаған

– Сондай-ақ, бұл байқауда репертуар таңдаудың маңызы зор. Димаштың репертуары өте сәтті таңдалған, барлығы оның даусына сай келеді және әртүрлі өлеңдер. Мейлі, ол басқа әншілердің әні болса да, бастысы оның вокалдық мүмкіндіктерін, ерекше даусын көрсететін әндер. Ал қазақстандық авторлар Димаштың вокалдық мүмкіндіктерін көрсете алатындай ән жазып бере алмаған. Одан бөлек, Димаш бір де бір қазақстандық продюсердің көмегіне жүгінбеген.

https://kaz.365info.kz/dimash-gollivudtykh-kino-saundtregin-oryndap-alyptardy-shajkhastyrdy-video-257958

2011 жылы Димашпен әңгімелескен едім. Сонда ол ән жаздырып, бейнебаян түсіргісі келмейтінін, себебі оған қызықпайтынын және өзге әртістерге ұқсағысы келмейтінін айтқан еді. Ол халықаралық байқауларға қатысып, бар әндерді орындағысы келеді. Бәлкім ол кезде жас болған шығар. Мүмкін қазақстандық продюсерлерге сенбеген шығар.

Димаштың Қытайда қалғанын қалар едім

Сұхбат барысында Алуа Қонарова Димаштың бойында орын алған өзгерістер жайын сөз етті.

– Барлығы жақсы жағына қарай өзгерген. Жалпы ол табиғатынан өте харизмалы жігіт. Ал Қытай оны барынша көрсете алды. Өз елінде жоқ еркіндікті Димаш Қытайдан тапты. Әдетте біздегі іс-шаралардың барлығы бір тақырыпқа бағытталады. Ал онда өзін-өзі танытудың еркіндігі бар.

Бастысы, ол аяғында нық тұрса болды. Атақ пен даңқ басты тез айналдырады. Өзінің қарапайымдылығын сақтай алса, алдағы уақытта да осындай тәрбиелі жақсы бала болса, осы қасиеттерін жоғалтып алмаса, болашақта ол бұдан да биік мансапқа қол жеткізеді.

Димаштың Қытайда қалғанын қалар едім. Елге келсе, түрлі шараларға қатысып, қомақты қаражат табатыны белгілі. Алайда мұнда ол өсе алмайды. Көп ұзамай-ақ ол Қазақстанның шегіне жетеді. Мұнда Қытайдағыдай тәжірибе жинай алмайды. Бұл менің жеке пікірім. Даму үшін Қытайда қалуы керек. Оны бүкіл әлем, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері түгел тануы үшін сонда қалуы тиіс», – деп түйіндеді сөзін Алуа Қонарова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз