Нью-Йорк және Лондон биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеді.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.
Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,49 долларға дейін арзандап, 51,88 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеткізілетін мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,58 долларға арзандап, бір баррельге 51,56 долларды құрады.