Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-2
USD
437
+0.53
EUR
493
-0.58
RUB
5.92
+0.03

Әлемдік экономиканы тек деректер төңкерісі құтқарады

434

Қазір әлемдік экономикада не болып жатқанын түсінетіндер аз сияқты. Пандемияға байланысты, тіпті танымал сарапшылар мен талдау жасайшылар да бейқам көрінеді.

Мұнайды 80 доллардан болады деп болжағандар аз. Біреулер жыл соңына дейін әлемдегі жұмыссыздық деңгейін асыра, ал біреулері төмен бағалады. Бағалар күткеннен де тезірек өсуде. Қазір сарапшылардың барлығы дерлік әлемдік инфляцияның алдағы уақыттағы мінез-құлқын шамамен бағалаудан бас тартуда.

Барлық модельдері мен теорияларына қарамастан, үкіметтер мен экономистер болжам жасауда қателесуде. Олар экономиканың өсуін тездететін саясатты таңдау үшін қолдарындағы ақпарат тым аз.

“Ескі” цифрлардың қателігі

Пандемия үкіметтер мен орталық банктерді тәжірибелерге итермеледі — мейрамханалардағы тапсырыстарды бақылаудан бастап картамен төлеуге дейін. Нәтижелер әлі де басстапқы деңгейде. Бірақ цифрлық құрылғылар мен жылдам төлемдер кеңінен таралып отыр. Сондықтан не болып жатқанына талдау жасау да жақсарады деген үміт бар. Нақты уақыт режимінде сенімді және нақты ақпарат алу тұрғысынан. Ал бұл жылдам әрі тиімді шешімдер қабылдау мүмкіндігін арттырады.

Нақты экономикалық деректерге деген ұмтылыс жаңа емес. АҚШ-тағы жалпы ұлттық өнімнің бағасы 1934 жылдан басталады және бастапқыда 13 ай артта қала отырып алынды. 1980 жылдары Walmart компаниясы жеткізілім тізбегін басқаруда ізашар болғаннан бері, жеке бизнес уақтылы берілген деректерді бәсекелестіктің артықшылық көзі ретінде қарастырды.

Бірақ мемлекеттік сектор өз жұмысын реформалауға асықпады. Көптеген елдерде талдаушылар сүйенетін ресми деректер апталап, тіпті айлап кешігіп беріледі. Сонымен қатар, олар жиі түбегейлі қайта қаралады. Мұндай жағдайда үкіметтер мен орталық банктер соқыр шешім қабылдайды деп айту асыра сілтеу болады.

Кешігіп келген нашар цифрлар миллиондаған жұмыс орындары мен триллион доллар шығын әкелетін қателіктерге ұрындыруы мүмкін. Мысалы, 2008 жылғы қаржылық дағдарыс. Егер АҚШ ФРЖ 2007 жылдың желтоқсанында пайыздық мөлшерлемені нөлге дейін төмендетсе, ол әлдеқайда аз зиян келтірер еді. Америка рецессияға түскен сәтте.

Алайда, цифрлардан бұл процесті экономистер мен қаржыгерлер тек 2008 жылдың желтоқсанында көрді. Осы сәтте ставкалардың төмендеуі дағдарыстың алдын алу емес, құтқару болды.

Көлеңкелі экономика мен құлдырап бара жатқан банктер туралы шағын деректер Үндістан үкіметінің өз еліндегі өсу төмендігінің онжылдығын тоқтатуға кедергі келтіреді. Еуропалық орталық банк инфляцияның уақытша өсуі аясында 2011 жылы пайыздық мөлшерлемелерді қателесіп көтерді. Нәтижесінде еуроаймақ қайтадан рецессияға түсті. Дәл қазір Англия Банкі дәл сол жағдайды бастан өткермек.

Уақыт талабы

Пандемия өзгерудің катализаторына айналды. Вирустың немесе шектеудің салдарын анықтау үшін ресми сауалнамаларды күтуге уақыт жоқ болғандықтан, дамыған елдердің үкіметтері мен орталық банктері тәжірибе жасады. Олар шектеулер немесе әлеуметтік көмек туралы уақтылы шешім қабылдай отырып, ұялы телефондарды, байланыссыз төлемдерді және т.б. қадағалап отырды.

Бұл үрдістер цифрлық технологиялардың экономикаға енуіне қарай күшейе түседі. Шығындардың көп бөлігі онлайн режимінде аударылады, транзакциялар тезірек өңделеді. McKinsey консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, 2020 жылы нақты уақыт режимінде төлемдер 41%-ға өскен.

Көптеген машиналар мен нысандар жеткізу тізбегінің шектелгенін анықтайтын сенсорлармен жабдықталған. Қытайды іске қосып және 50-ден астам басқа елдерде қарастырылып жатқан орталық банктің цифрлық валюталары (cbdc) жақын арада экономиканың нақты уақыт режимінде қалай жұмыс істейтіні туралы мәліметтер бере алады.

Уақтылы деректер арандатушылық тәуекелін төмендетер еді, мысалы, бұл құлдырау уақытша ма әлде дабыл қағатын уақыт келді ме, соны оңай білуге болар еді. Үкімет қолдана алатын құралдар де жақсарар еді. Егер тез жұмсалмаса, мерзімі аяқталып қалатын цифрлық әмияндармен Гонконг қолма-қол ақшаны таратып көрер еді.

Дағдарыс кезіндегі нақты және күнделікті ақпарат мақсатты қолдауды қамтамасыз ете алады. Яғни, тек сенімді балансы бар, бірақ өтімділік бойынша уақытша қиындығы бар компанияларға несие береді. Әлеуметтік қамсыздандыру бюрократиясы арқылы жүзеге асырылатын ысырапшыл жалпыға арналған әлеуметтік төлемдердің орнына, кедей адамдар жұмысынан айрылған жағдайда электронды әмияндарға ешқандай құжаттарсыз табысына қосымша төленетін үстеме жәрдемақы ала алады.

Нақты уақыттағы ақпараттық революция экономикалық шешімдерді нақты, ашық және нақты ережелерге негізделген етуге уәде береді. Бірақ бұл да қауіпті. Жаңа көрсеткіштер дұрыс түсінілмеуі мүмкін. Мысалы, жаһандық құлдырау бастала ма әлде ірі компания нарықтағы үлесін жоғалта ма? Олар статистикалық агенттіктердің күрделі зерттеулері сияқты репрезентативті емес немесе алдын ала болжаудан азат.

Ірі фирмалар деректерді жинап, оларға заңсыз артықшылық бере алады. Өткен аптада цифрлық әмиянды іске қосқан Facebook сияқты жеке фирмалар бір күндері орталық банктерге қарағанда тұтынушылық шығындар туралы көбірек ақпарат ала алады.

Цифрлық революцияның қауіптілігі

Ең үлкен қауіп — менмендік. Саясаткерлер жылдам әрі нақты деректер өздерін көріпкел етіп жібереді деу ойлауы мүмкін. Бұл қоғамды өз мақсаттарына сәйкес қалыптастыруға деген қызығушылық. Немесе белгілі бір топтарға артықшылық беру.

Шын мәнінде, деректердің ешқандай көлемі болашақты сенімді түрде болжай алмайды. Күрделі динамикалық экономикалар миллиондаған тәуелсіз фирмалар мен тұтынушылардың аяқ асты қабылдаған іс-әрекеттеріне сүйенеді. Бір мезеттік экономика бұл кріпкелдік туралы емес. Бұл тиімді, уақтылы және ұтымды шешімдер қабылдау туралы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз