“South China Morning Post” басылымының хабарлауынша, жер телімі Гонконг қаласының қақ ортасында орналасқан. Бұл аудандағы жылжымайтын мүлік пен жердің бағасы әлемдегі ең қымбат көрсеткіш болып табылады. Ең беделді жылжымайтын мүлік компаниясы – Henderson Land-тің ұсынған бағасы сарапшылардың болжамынан әлдеқайда асып түскен. Осы саладағы әлемдік эксперттер бұл аймақтың құнын 2 – 2,8 млрд доллар шамасында деп болжаған еді.
Дереккөз: qazaqtimes.com