L’Oréal косметикалық империясының мұрагері Forbes нұсқасы бойынша 2019 жылғы әлемдегі ең бай әйел деп танылды.
Әлемдегі ең бай адамдар қатарында Майерс 15-орында. Бүгін, 5 наурызда барлық тізім жарияланады, деп нақтылайды басылым. Өткен жылы оның байлығы 7,1 миллиард долларға көбейген. Бұған негізінен компания акциясының қымбаттауы ықпал етті.
Айта кеткен жөн, 2018 жылы Forbes рейтингі бойынша ең бай әйелдер тізімінде Walmart гипермаркетінің негізін қалаушының қызы Элис Уолтон бірінші болған еді. Басылым оның қаржылық жағдайын 46 миллиард долларға бағалаған.