Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Әлемде жаңа тәртіп орнамақ, Қазақстанға өз орнын табу керек – Сұлтанов

188
Болат Сұлтанов, фото kursiv.kz сайтынан алынды

Әлем күрделі кезеңді бастан кешуде, дейді тарих ғылымдарының докторы Болат Сұлтанов. Коронавирус халықаралық ынтымақтастықтың барлық кемшіліктерін нақты көрсете отырып, ауыр сынаққа айналды. Пандемия жаһандық державалар арасындағы сенім дағдарысын күшейтті. Алдын алу дипломатиясы мен жанжалдарды реттеу тетіктері елеулі кедергіге ұшырады.

Мұндай жағдайда Қазақстан өзінің болашағы туралы байыпты түрде ойлануы қажет.

Бұл туралы Болат Сұлтанов біздің порталға берген сұхбатында айтып берді.

Шынымен де әркім өзімен өзі болып кетті

— Болат Қылышбайұлы, шынымен “әлемде жаңа тәртіп” орнай ма? Қорқынышты естілетін сияқты.

— Біз барған сайын лагерьлерге бөлініп жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл пандемияға, кедейлікке, терроризмге және басқа да қауіпсіздік қатерлеріне қарамастан орын алуда.

Кейбір елдер бірлесіп сақтануды іздеудің орнына “вакциналық ұлтшылдық” дегнеді шығарды»,

нәтижесінде табыс деңгейі төмен мемлекеттер өз азаматтарына вакцина ала алмайды.

Халықаралық қатынастар “менің үйім — менің қамалым” және “әркім өзі үшін” форматтарына тез өтіп алды. Әсіресе пандемия басталған 2020 жылдың көктемінде, дамыған мемлекеттер бір-бірінен шекара және басқа қоршаулармен оқшауланғаны таң қалдырды. Мысалы, Америка Құрама Штаттары өз аумағын алдымен ЕО-ға мүше елдерден, содан кейін Канададан оқшаулады.

2020 жылдың көктемінде ЕО елдері Италияның шұғыл медициналық көмек сұраған өтініштеріне амалсыздан жауап қатқанын есімізге түсірейік. Германияның Еуроодаққа мүше басқа елдерге қорғаныс маскаларын экспорттауға тыйым салған қатаң ұстанымы да аса таңданыс тудыра қойған жоқ. Брюссель коронавирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық техниканы ЕО-дан тыс жерлерге әкетуге тыйым салатынын мәлімдеді.

Одақтас іздейміз

Қазақстан мұндай жағдайда не істеуі керек?

— Мұндай жағдайда біз өз орнымыз бен одақтастарымызды іздеуіміз керек. 2020 жылғы 6-наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясаттың 2020-2030 жылдарға арналған жаңа Тұжырымдамасын бекітті. Онда республиканың таяудағы онжылдыққа арналған сыртқы саяси басымдықтары тұжырымдалған. Онда Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарға, атап айтқанда одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға ерекше мәртебе беріледі.

Басқа жетекші мемлекеттермен төмендегідей қарым-қатынас форматы тұжырымдалған:

  • ҚХР-мен жан-жақты стратегиялық әріптестік
  • АҚШ-тағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік
  • Орталық Азия мемлекеттерімен стратегиялық өзара қарым-қатынастар
  • Еуропалық Одақпен және ЕО-ға мүше мемлекеттермен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық

Көпжақты дипломатия саласында Қазақстан мен Ресей жетекші орын алатын ұйымдар басым бағыттар ретінде көрсетілген. Атап айтқанда, мыналар қажеттілік көрсетіледі:

  • ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттермен өзара тығыз  іс-қимылды жалғастыру
  • ТМД-мен екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды дамыту
  • Орталық Азия өңіріндегі көпжақты диалог пен ынтымақтастықты кеңейту
  • ШЫҰ және АӨСШК қызметіне белсенді қатысу

Өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуы көбінесе тарихтың, мәдениеттің, дәстүрлер мен менталитеттің ортақтығына ғана байланысты емес. Қазақстан мен Ресейде полиэтникалық жағдай ұқсас:

Қазақстанда шамамен 4 млн этникалық орыс, ал Ресейде шамамен бір млн этникалық қазақ тұрады

Кейбіреулер мәлімдеме жасағанда мұқият болғаны дұрыс

— Қазақстан мен Ресейдің жақындасуына қарсылар көп болмауы да мүмкін, есесіне олар өте даулы келеді.

— Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасы әртүрлі әрі күрделі тарихи оқиғалармен дамыды. Өткен тарихқа, оның ішінде кеңестік кезеңге диалектикалық тұрғыдан қарау керек. Орын алған қайғылы оқиғалармен қатар, дәл осы кеңестік кезеңде Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттар жасалған.

Жалпы өткен тарихи жағымсыз мәселелерге біржақты қарау дұрыс емес,

бұл тек Ресеймен және басқа да көрші мемлекеттермен қарым-қатынастың нашарлауына әкелуі мүмкін.

Біздің ортақ тарихи естеліктеріміз бар. Бірақ мынаны ескеру керек,

соңғы 30 жыл ішінде Кеңес Одағының не екенін білмейтін жаңа ұрпақ қалыптасты

Демек, жастармен жұмыс істеуде жаңа бірлескен тәсілдер, түйісу нүктелерін, ортақ тақырыптар мен өзара іс-қимыл салаларын іздеу қажет.

– Оның орнына  екі жақтан да ажыратуға әрекет жасайтын мәлімдемелер айтылуда, және де тек тарихи тұрғыда ғана емес.

– Иә, мысалы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары Никонов пен Федоровтың Қазақстанның аумағына қатысты қойған талаптары туралы мәлімдемелері күтпеген мәлімдеме болды, оларға кейінірек Ресей Федерациясының бұрынғы Мәдениет министрі Мединский қосылды. Бұл ойланбай айтылған және демагогиялық сөздер орыстарды жақтырмайтын қазақтар үшін нағыз сый болды. Бірақ кейінірек Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қорғаныс министрі Сергей Шойгу оларға жан-жақты жауап беріп, “ұсыныстарын” қабыл алмады.

Бұл мәселе бойынша ҚР-ның РФ-дағы елшісі Ермек Көшербаев та нақты әрі ашық айтты. Ол ресейлік саясаткерлерді

өз сөздеріне өте сақ болуға және түрлі қауесеттер мен болжамдардың таралуы себепші болмауға шақырды

Көшербаевтың айтуынша, бірқатар ресейлік депутаттардың Қазақстанға қатысты айтқан сөздеріне қатысты жағымсыз жанжал тоқтады, себебі Ресей тарапы “мұндай мәлімдемелер Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейді және екі мемлекеттің тату көршілік және одақтастық қарым-қатынастарына қайшы келеді” деп сендірді.

Жаңа “қызу нүктелер” пайда болады

– Әлемдік саясатқа оралайық. Жақын болашақтан не күтуімізге болады?

– Бүгінгі таңда пандемияның әлемдік саясатқа әсері туралы көптеген пікірлер бар. Өкінішке орай, АҚШ-тың 46-шы президенті Дж. Байден жаһандық сын-қатерлердің жаңа кезеңін “АҚШ-пен бәсекелесуге ұмтылған Қытайдың өсіп келе жатқан менмендігіне және Ресейдің американдық экономиканың беделін түсіріп, құрту ниетіне қарсы тұру” арқылы жеңуге болады деген қорытындыға келді.

АҚШ әлемдегі монополиялық көшбасшылығын жоғалтқандықтан,

Байден көшбасшылық ұстанымдарын бірлесіп нығайту үшін жақын жатқан серіктес-елдермен альянстарын қалпына келтіруде

Осы мақсаттарды іске асыру үшін Вашингтон Азияда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Қытайға қарсы “төрттік” альянсын (АҚШ, Австралия, Үндістан, Жапония) және Еуропадағы НАТО-ға негізделген АҚШ-тың анти-ресейлік альянсын құруға күш салуда.

Нәтижесінде халықаралық жағдайдың шиеленісуі барған сайын сезілуде, әскери күш қолдану қаупі артып келеді. Яғни, ғаламшарымызда жаңа қызу нүктелердің пайда болу ықтималдығы артады.

Посткеңестік елдер Ресей мен АҚШ/Батыстың қарсылық нүктелерііне айналды. Қытайлық сарапшы Чжао Хуашэннің айтуынша, НАТО-ның посткеңестік кеңістікке келуі арта түседі. Ең алдымен Қара теңіз және Балтық теңізі аймақтарда. Олар

Ресей мен Батыс арасындағы жаңа қырғи қабақ соғыстың ұрыс алаңына

айналуы мүмкін. Орталық Азияда да АҚШ белсенді жұмыс істеуде.

Қарсылықтың өсуінде Қазақстанның ерекше орны бар. Ақ үй Еуразиялық экономикалық одақтың Жібек жолы экономикалық белдеуімен байланысын бұзуға тырысады. Оның едәуір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетіні белгілі.

НАТО мен ЕО-да бізді бәрібір ешкім күтіп отырған жоқ

— Бұл ретте АҚШ баламалы жобаны — Үлкен Орталық Азия (Жаңа Жібек жолы) жобасы шеңберінде Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің бірігуін жолға қоюға аса мүдделі. Американдық саясаткерлердің отты ойларындағыны да жоққа шығаруға болмайды,

Орталық Азияда Ресей мен Қытай арасын бөлетін тосқауыл жасау жөніндегі жоспарлары пісіп-жетілуі мүмкін,

яғни, Ресей мен Еуропа арасында құрылған бөгетке ұқсас. Онда Польша, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Грузия бөлінген қабырғаға” кірпішпен” болып қаланды.

Бір мезгілде

Штаттар, Орталық Азия халқын, бір жағынан Ресейдің басқыншылығына, екінші жағынан Қытайдың экономикалық өктемдігіне сендіруге тырысады

Алайда, соңғы екі онжылдықтағы оқиғалар, халықаралық құқыққа қарамастан, дәл осы АҚШ-тың өзі көптеген елдердің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндіргенін айқын көрсетеді.

Бірнеше жыл бұрын Брюссельде өткен ғылыми конференциялардың бірі есімде. НАТО өкілдері мен Еуропалық Парламент депутаттары маған: “Қазақстанға, осындай табысты мемлекетке ҰҚШҰ мен ЕАЭО-ға кіру не үшін қажет? Бұл ұйымдардан шыққаны дұрыс емес пе?» деген екі сұрақ қойды. Мен: “Жарайды, біз аталған ұйымдардан шығамыз, бірақ содан кейін бізді ЕО мен НАТО-ға мүше болуға өтініш береміз. Бұл ұйымдар Қазақстанды осы құрылымдарға қабылдауға дайын ба?» деп жауап бердім.

Абдырап қалған НАТО әскерилері мен еуродепутаттар мені ондай қадамға бармауға барынша көндіре бастады,

олар НАТО еуроатлантикалық, ал Еуропалық Одақ – Еуропалық ұйым екенін дәлелдей отырып, Қазақстан Азияда, Брюссельден мыңдаған шақырым жерде орналасқан деді. Пікір білдіру, менің ойымша, артық.

Бізге көбірек құрмет көрсетіп, көбірек көңіл бөлу қажет

— Сонда не істеу керек?

— Қазақстанды Ресей мен Қытай арасындағы жаңа “қызу нүктеге” айналдыру біздің мүдделерімізге сәйкес келмейді. АҚШ-тың бәсекелестерін “түрлі-түсті төңкерістер” арқылы жою жөніндегі көпжылдық тәжірибесін ескере отырып, ерекше қырағылық таныту керек.

Сонымен қатар, қарым-қатынас одан әрі шиеленіскен жағдайда

Қазақстан ШЫҰ мүшесі ретінде Ресей мен Қытай арасындағы берік байланыстырушы буын болып қалуы тиіс,

Мәскеу мен Пекин үшін сенімді тылды қамтамасыз ету, ЕАЭО пен Жібек жолының экономикалық белдеуін байланыстыруға ықпал ету қажет. Ресей Федерациясына қарсы ашық әскери агрессия болған жағдайында Қазақстан ҰҚШҰ шартының 4-бабынан туындайтын өз міндеттемелерін орындауға міндетті болады. Атап айтқанда, ол агрессия құрбанына әскери көмекті қоса алғанда, қажетті көмек көрсетуді көздейді.

Мен саясаттанушы Дмитрий Трениннің пікірімен келісемін, ол Ресейде

ЕАЭО шеңберінде жақын көрші мемлекеттермен жаңа өзара тиімді және шын мәнінде тең құқықтық қатынастар

құрылуы және оларға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көбірек көңіл бөлінуі керек деп санайды. Бұл серіктестерді сөзсіз құрметтеу және оларға ерекше ықыласпен қарау арқылы олардың мүдделерін жақсы түсінуді білдіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз