Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әлемде жаңа қатерлі инфекция пайда болды

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде миллиардтан астам инфекциялық аурудың оқиғалары тіркеледі. Тек соңғы 20 жылда 30-дан астам жаңа әрі қайтымды инфекция пайда болды.

Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін Эбола, короновирус инфекциясы және басқа да аурулар болғанын білесіздер.

Ағымдағы жылы мүлдем жаңа инфекция пайда болғанын атап өткен жөн. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Икс инфекциясы» деген атау берген еді. Бұл жаңа қатер биыл ғана шықты», – деді Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, бұл инфекция бүгінде жаһандық әрі қауіпті сипатқа ие болуда. «Икс инфекциясын» мамандар толықтай зерттеп болған жоқ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Еңбекшіқазақ ауданында 14 жастағы баланың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамадан кейін тиісті қорытынды шығарылатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз