Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әлем барысына” қатысатын балуандардың аты-жөні белгілі болды

149

Боз кілемдегі бәсекеге 30 елдің балуандары қатысады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

“Әлем барысы” биыл үшінші рет ұйымдастырылады. Алғаш рет 2016 жылы Павлодарда өткен бәсекеде кубалық Оскар Рене Видаль Брайсон топ жарды. Өткен жылы Айбек Нұғымаровтың асығы алшысынан түсті. Биылғы бәсекеге еліміздің атынан 5 балуан қатысады. Олар, Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрдәулет Жарылғапов пен Айбат Сейтен. Балуандардың салмақ өлшеу рәсімі 1-желтоқсанда өтеді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай келген балуандар бәсекесін Qazaqstan және QazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді. Қазіргі уақытта жарыстың билеттері сатылымға шығып үлгерді. Билеттер бағасы 500-5000 теңге аралығында.

Тағы бір айта кететіні, билеттер бойынша көрермендер арасында жүлде ойнатылады. Жүлдеге Renault Logan автокөлігі тігіледі. Көрермен болып барып, сіздің де жеңімпаз атанып қайтуыңызға мүмкіндік бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз