Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Алдым ал!..”. Мөлдір аукционда 600 мың теңгеге қолғап сатып алғанын растады

Өз кезегінде Мөлдір Әуелбекова неліктен 600 мың теңгеге қолғап сатып алғанын түсіндірді. «Игі істерімді жасырын жасап жүрген адаммын» деген әнші бұл жолы өзіне толассыз айтылып жатқан сынға үнсіз қарап отыра алмаған сыңайлы.

 

https://kaz.365info.kz/bala-mahabbat-toregali-men-moldir-auelbekovany-ne-bajlanystyrady-video-297839

«Мына мәселенің нүктесін өзім қоймасам ушығып барады. Мен жуырда Атырауда өткен Бақтияр Артаев бастаған «Астана Арланс» боксшылары бәйгеге түскен жарыста қонақ болдым.

Жеңіс Қазақ елінде! Қайырымдылық мақсатпен аукцион өтетінін естіп, ойда жоқта қатысып, Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алдым.

Рас! Игі істерімді жасырын жасап жүрген адаммын. Бірақ дәл осындай жазбамен суретті сайттар таратып жіберді.

Дегенмен халық турасын оқымай, «Ақшасы тасыған жұлдыздар. Одан да сырқат балаларға бермей ме?» деген тәрізді өте ауыр сөздер айтуда. Осы менің жазбама да солай жазатындар табылады қара да тұр.

Айналайын, халқым-ай! Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын. Ерігіп жүрген жоқпын. Аукционда менен басқа адамдар алды қолғаптарын. Шүкір. Есесіне 7 миллион теңге жиналды», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

https://kaz.365info.kz/arzankhol-dynie-madina-saduakhasovanyn-kiip-kelgen-kiimin-synap-tastady-317523

 

Сонымен қатар әнші аукционда жиналған ақшаның мұқтаж жандар мен қатерлі ісікке шалдыққан бір жарым жасар Алима Көпейдің еміне берілгенін айтты.

«Оразада өзімізді тамақпен ғана емес, ауыз бен жүрекпен де тыйсақ екен. Одан да осындай шара ұйымдастырған Бақтияр мен «Астана Арлансқа» алғысымызды білдірейік!» – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

 

https://kaz.365info.kz/bes-million-khabatovtyn-bir-tojga-syragan-khynyn-estigen-zhigit-talyp-khaldy-video-317410

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз