Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алдап келген Қытай клиникасы қазақстандық мүгедек отбасыларға ақшасын қайтарып берді

«Шетелдік медициналық мекемелермен байланыс орнатуда ҚР азаматтарына алданып қалудың мүмкін екенін және денсаулыққа орасан зақым келтіру қаупінің жоғары екенін ескертім келеді», – деп толықтырды ол.

Адвокат ҚР СІМ қолдауымен және консулдық қызмет жетекшісі Болат Сырлыбаевтың сот процесіне қатысуымен зардап шеккен 13 отбасына «Sezimtal» қоғамдық қорының құқықтық көмек көрсеткенін еске салды. Балалардың ата-аналары қолдау білдірген барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың соңында 13 отбасы қиындыққа ұшырағанын хабарлаған еді. Олар Бейжіңге ем қабылдауға барған. Ем қабылдап біткен соң, балаларға тек «Диспорт» (ботокс егу) процедурасын ғана жүргізгені анықталды. Диспорт бұлшықеттердің түйілуін уақытша тоқтатады және бұл ем Қазақстанда сал ауруымен ауыратын балаларды оңалту бағдарламасы бойынша тегін жүргізіледі. Қараша айында ата-аналар мен клиника өкілдері Гуанчжоу қаласында кездесті, дәрігерлер ботокс еккен балалардың ата-анасына өтемақы төлеуге уәде берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз