Алматы облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері тұрғындарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Облыстың полицейлері алаяқтық фактілерінің алдын алуға және ашуға бағытталған әрекеттерін жандандыра түсті. Соңғы бірнше тәулікте алаяқтық жасағаны үшін күдікті тұлғалар ұсталған бес факті ашылды. Көбінде алаяқтар егде жастағы адамдарды таңдайды. Себебі қариялар өте сенгіш және өзінің алданып жатқаны ойына да кіріп шықпайды.
Негізделген күдік болса, полицияға қоңырау шалып хабарласуы қажет деп кеңес береді.