Республиканың басым бөлігінде ашық ауа-райы әлі де сақталады. Тек еліміздің батысында жауын-шашын болуы ықтимал.
Қазгидрометтің хабарлауынша, жылы ауа ағынының шығысқа ойысуы әсерінен бірқатар облыста қар жауып, бұрқасын соғуы мүмкін. Бірақ ауаның температурасы төмендей қоймайды.
Астана қаласында 23 желтоқсан күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал 24-25 желтоқсан күндері қар жауып, бұрқасын және қатты екпінді жел соғады. Ауа температурасы желтоқсанның 23-і түнгі уақытта -17, -19, күндіз -7, -9 градус аяз болады. Ал содан соң ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.