Синоптиктер 2-4 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады.
“Қар теңіз аймағынан республика аумағына жылжыйтын циклон Қазақстанның басым облыстарының ауа райына әсерін тигізіп, соған байланысты алдағы үш тәулікте бұрынғыдай найзағай мен жаңбыр және шквалды жел cақталады.
Сондай-ақ, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстіктегі өңірлерде түнгі уақыттарда сынап бағанасы 7-15 градус көрсетсе, оңтүстіктегі өңірлерде 15-23 градус жылы болады”, – делінген хабарламада.