Қазгидромет алдағы демалыс күндер – 8-10 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады.
«Еліміздің батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалымен жылы әрі жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Ал Қазақстанның басқа өңірлеріндегі ауа-райына Батыс Сібірден ығысқан атмосфералық фронттар әсер етеді.
Сондықтан, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы үш тәулік бойы күн суытып, жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы ағымдағы маусым үшін климаттық нормадан 2-4°С төмен болады» делінген синоптиктердің хабарламасында.