Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Алаяқ несие алу үшін сіздің атыңызды қалай пайдалана алады?

566

Банктердің адал клиенттерін қорғаудың техникалық мүмкіндіктеріне қарамастан, бөтен біреудің есебінен олжалы болып қалуды сүйетіндер жоқ емес. Қазақстандық банктердің бірінде алаяқтық несиелерді рәсімдеумен қалай күресетінін айтып берді.

Алаяқтардың басты нысаны – кепілсіз несиелер

— Кез келген банкте әлеуетті қарыз алушының алаяқтық мүмкіншілігін бағалайтын форд-скорингтің жеке үлгілері бар, – деп түсіндіреді Банк ВТБ (Қазақстан) тәуекелдер департаментінің директоры Александр Львов. – Тексеру бірнеше кезеңнен өтеді. Үлгі әр банкте әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ Ұлттық банк әзірлеген тәуекелдерді басқару жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған жалпы міндетті критерийлер бар. Осы қаулыларды негізге ала отырып, ЕДБ өзінің скоринг-үлгілерін әзірлейді.

Сөйтсек, ВТБ Банкіне де ара-тұра алаяқтар шабуыл жасап тұратын болып шықты, олардың көбі 5 млн теңге көлеміндегі ақшаны көздейді – бұл кепілдіксіз берілетін ең ірі сома.

Сұхбаттасушымыздың айтуынша, тексерудің алғашқы кезеңін бөлімшенің несие менеджері өткізеді.

— Бізде менеджерлер үшін нақты нұсқаулықтар әзірленген. Соларға сүйене отырып,

қызметкер әлеуетті қарыз алушының психологиялық жағдайын анықтайды

Мысалы, үшінші тұлғалардың тарапынан оған қысым жасалып жатқан жоқ па, сонымен қатар мінез-құлқының адекваттылығын бағалау және тіпті адамның өтірік айтып жатқандығының кейбір белгілерін анықтай алады.

Ксерокөшірмемен несие берілмейді

Банкте маңызды бір нәрсені атап өтті. Несиеге өтініш беру үшін әлеуетті қарыз алушы жеке куәлігінің түпнұсқасын алып, өзі банкке келуі керек.

Анасының, бауырының, досының және т.б. адамдардың жеке куәлігімен немесе үшінші тұлғаның жеке куәлігінің ксерокөшірмесімен қарыз алуға өтініш тіпті қаралмайды да

— Келесі кезеңде әлеуетті қарыз алушы ұсынған деректерді тәуекелдер департаменті терең деңгейде тексереді. Клиенттің рұқсатымен банк БЖЗҚ-дан және бірінші кредиттік бюродан анықтамалар алуға, жұмыс орны, отбасы жағдайы, сотталмағандығы және т.б. туралы ақпаратты тексеруге құқылы. Жалпы, скорингтік модельдерді құру үшін еркін қолжетімді кез келген статистикалық маңызды ақпарат пайдаланылады, — дейді Александр Львов.

Оның айтуынша, күнделікті банк өтірік мәлімет берген немесе алаяқтыққа күдік туғызатын ондаған клиентке қарыз беруден бас тартады.

— Біздің мамандар қолдан жасалған құжаттармен байланысты бірнеше ірі махинациялардың алдын алды, — дейді банктің тәуекел департаментінің бастығы.  — Алаяқтар әрдайым жаңа криминалдық жолдар ойлап тауып жатады. Мысалы, былтыр

қазақстандық нарықта өтірік әскери топтар жүрді. Мемлекеттік қызметкерлердің БЖЗҚ-да жинағы жоқ, ал аферистар соны пайдаланып,

қолдан жасалған анықтамалар бойынша несие алмақ болған. Ол жерде бұлар әскерилер деп жазылған.

Атыңды пайдалану

— Сонымен қатар өтірік кәсіпорындардың атынан “жұмыс орнынан анықтама” бойынша несие рәсімдеу кең таралған.

Өзгенің атынан несие алғысы келетіндер де баршылық. Алаяқ әдетте өзіне ұқсайтын басқа адамның барлық құжатын жинап әкеледі

Жақын туыстар да өзіне қатты ұқсайтын және құжатын пайдалану мүмкіндігі бар жақын адамының атынан қарыз алуды рәсімдеуге тырысатын жағдайлар да жиі кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей, сіздің атыңыздан ағаңыз немесе егіз-апайыңыз да несие рәсімдеп ала алады.

Құжаттарыңызды жоғалтып алсаңыз не істеу керек?

Банкте тез арада құзыретті органдарға хабарласуға кеңес береді және тіпті Ұлттық банкке өтініш жаза аласыз

Реттеуші жоғалған құжаттар туралы деректерді барлық банктерге жіберді. Әрбір азамат жарты жылда кемінде бір рет өзінің кредиттік тарихын тексеріп тұру да артық етпейді. Мұны бірінші кредиттік бюро немесе электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинет арқылы жасауға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз