Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Алаяқ дейді…”. Танымал әншіні Астана мен Атырау жұрты сабылып іздеп жатыр (видео)

431

https://kaz.365info.kz/ne-soz-ol-zhyjkesi-syr-bergen-bayan-alagozova-zhelidegilerge-yrsyp-tastady-foto-327713

«Ақ Жайнақ» пирамидасы 4 шілде күні Атырауда, 14 шілде күні Астанада кеңселерін ашып, заңды түрде жұмыс жасаймыз деп жұртты сендірген. Талап бойынша әр адам алғашқы салым ретінде 20 мың төлеп, артынан екі адам әкелуі тиіс. Шартты орындағандар бір аптадан соң сыйақы ретінде 40 мың теңгеден алып отырған.

 

https://kaz.365info.kz/naglyj-eken-khydyrali-bolmanov-kottedzh-yrlaganyn-ashykh-ajtty-325084

Осыған сенген тұрғындар алғашқы табыстарына мәз болып, туыс, көршілеріне дейін жетектеп әкеліп, аямай қаржы құйыпты.
Ақшаны олар әншінің көмекшілерінің есепшоттарына аударып отырған.

Осыны сылтау еткен әнші

Амангүл Орынбасарқызы ақшасын сұрағандарға «Маған тиын да берген жоқсыңдар, кімге салдың содан сұраңдар» деп қашып кеткен.

 

https://kaz.365info.kz/zhanym-dejdi-tosi-zhartylaj-ashykh-khyzga-khyryndagan-khajrat-nyrtastyn-basy-dauga-khaldy-video-327741

Ал салымшылармен жиын кезінде ол өзін «Халық әншісімін, Алла үшін халқымды несиеден құтқарып, мүгедектерді қаржы қиындығынан арылтамын» деп сөз беріп, артынша ән салып берген. Бар жиғандарынан айырылған жұрт қол жинап, Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасына арыз түсірген.

 

Тілшілер Амангүл Сәндібаеваның пікірін білмек болғанымен, әнші жауап бермеді.Алайда, халықтың миллиондаған қаржысын жиған көмекшілерін тауып тілдесіп көрдік.

«Мен ол кісімен шілде айында Астана Молда таныстым. Халық әншісімін, «Ақ Жайнақ» фирмасының басшысымын, интернет дүкен ашып жатырмын, мүгедектер мен ауру балалардың жасаған қолөнер жұмыстарын сатып, елге де өздеріңе де табыс табасыңдар деп сендірді.
Басында ақшаны халық Амангүлдің жеке есепшотына аударды. Кейін ол кісі біздерге «банктегі шотымды жауып тастапты, уақытша сендер ашып, түскен ақшаны шешіп маған бересіңдер деді.

Өзі аузынан Алласын тастамай, халқым деп сөздің майын тамызып сөйлеген соң, сеніп қалдық.

https://kaz.365info.kz/barin-tegin-berem-myna-khazakh-mongoliyanyn-38-myn-azamatyn-takhyrga-otyrgyzyp-ketipti-327698

 

Күнде кешке өзі немесе есепшісі Махамбетова Венера келіп түскен ақшаны алып кетіп отырды. Жарты айда біз карточкамызға түскен 109 миллион теңгені қолына ұстаттық. 4 тамыздан бастап ақша салғандар шу шығара бастады.

Содан кейін Амангүлді де, есепшісін де таппай қалдық. Қазір жүздеген салымшы біздің жағамыздан алып жатыр. Қорыққанымыздан әрқайсымыз несие алып, біразына салған қаржыларын қайтардық. Бұл жұмысқа балам мүгедек болған соң барып едім», – дейді Арайлым Сәбитқызы.

Жәбірленушілердің сөзінше, Амангүлдің айласына ақша салғандардың бас аяғы бес мыңға жетіп қалған.

Оның ішінде жүзге жуығы – қазақ эстрадасындағы танымал әншілер.

Амангүл Орынбасарқызы әртістерден біраз қаржыны “күйеуім ажал аузында жатыр, балам науқас” деп қарызға алып, қайтармай да кеткен. Жұлдыздар елден ұялғандарынан салған ақшаларын талап етпей “садақа” деп отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=ocFcYFtsyYM

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз