Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ғаламдық қор туберкулезбен күресу үшін Қазақстанға 17 миллион доллар берді

Ғаламдық қордың Қазақстанға қайтарымсыз қаржы бөлуін отандық медицинаға артылған зор жауапкершілік пен сенім деп түсіну керек. Шетелдік мамандар Қазақстанда туберкулезбен күрес жүргізудегі белсенділікті жоғары бағалап отыр. Соңғы 11 айда елімізде өкпе дерті салдарынан өлім деңгейі 9 пайызға, ал балалар арасында осы дертке шалдыққандар 36 пайызға төмендеген.

Жұмағали Исмаилов, ҚР Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры:

– Біздің қойып отырған мақсатымыз – 2020 жылға дейін тубегейлі туберкулездің эпидемиясын жою. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2035 жылға қойып отырған мақсаты – 95 пайызға аурушаңдықты азайтып және туберкулез салдарынан өлім-жітімді 90 пайызға төмендету.

Жаңа медициналық қондырғы екі сағат ішінде нақты диагноз қойып, ағзаны аурудан айықтыруды жеделдетеді. Сонымен бірге өкпе ауруына шалдыққан, бірақ өзгелерге қауіпсіз деп танылған науқастар енді ауруханада жатпай-ақ, ем қабылдай алады. Осындай емдеу әдісі арқылы 900 миллион теңгені үнемдеуге болады.

Жұмағали Исмаилов, ҚР Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры:

– Туберкулезға қарсы препараттарға төзімділігі бар ауруларға жаңа дәрі-дәрмек бөлінеді. Сонымен қатар біздің орталықтың негізінде мамандарды оқыту және де ДДСҰ мен бірлесіп жұмыс жасайтын, жалпы Орталық Азия мемлекеттеріне көмектесетін орталық құрылатын болады.

Өкпе ауруымен күресудің ұлттық стратегиясы жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Мәселен, жыл сайын өкпе дертіне шалдыққандарды 10 пайызға төмендетуге мүмкіндік бар дейді орталық дәрігерлері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз