Германияда қырғын талас аукцион өтті. Таласушылар бәс саудаға тігілген модель қыздың қыздығына ақша тіккен.
Голливуд жұлдыздары, орыс саясаткерлері, араб бизнесмендері бірінен соң бірі көтеріп, бағаны 3 млн долларға дейін апарған. Ақыры 19 жастағы қыз пәктігін Абу-Дабидің бизнесмені үш миллион долларға сатып алды деп жазды, – Metro.
Қыз өзінің қыздығын бәссаудаға неміс эскорт-агенттіктерінің бірінің сайты арқылы шығарған. Саудада Абу-Дабидің (БАӘ астанасы) аты-жөні аталмаған бизнесмені жеңімпаз болған. Ол қарсыластары ұсынып отырған сомадан айтарлықтай көп ақша берген.
Ал қыздың қуанышында шек жоқ. Ол пәктігін осыншалықты қымбатқа сатамын деп ойламапты.
“Бұлай болады деп армандаған жоқпын”, – дейді Жизель. Енді екі қолын ысқылаған сән әлемінің аруы бұл ақшаны оқуына төлеп, қалғанын әлем аралауға жұмсайтынын айтты.
Модель мен араб бизнесменінің кездесуі Германиядағы қонақүйлердің бірінде өтеді. Айтпақшы, келісімшартқа сәйкес, қыз өзіне әлдене ұнамай қалса, кездесуден бас тартуға да құқығы бар екен.