Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қоғамдық бағалау» порталына бірнеше сыныптың оқулықтарын орналастырып, қоғамдық талқыға ұсынды.
Бұл туралы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы хабарлады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6, 8-сынып оқулықтары «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылды. Оқулықтарды «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан (www.okulyk-edu.kz) «Оқулықтарды қоғамдық бағалау» баннері арқылы ашып, көре аласыздар.