Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ал ендеше!”. Рудныйда саясат орнына қыздарды “курировать” еткен депутат қолға түсті

Жалпы жыл басынан бері Рудный қаласында адам саудасымен айналысып, жеңгетайлық жасаған 3 дерек әшкере болыпты. Солардың бірі қала мен облыс тұрғындарына барынша танымал депутат Юлия Каралаштың есімімен тығыз байланысты болып отыр. Оны бізге облыстық ІІД хабарлады.

Былыққа басы шатылған Юлия қалалық мәслихатта «Әлеуметтік саясат және экология» комиссиясының белді мүшесі болыпты. Бірақ, осы арада көкейге мынайдай бір сұрақ ұялайды. Рудный қалалық әкімдігі мен мәслихаты депутаттың көптен бері осындай былықпен айналысып жүргенін білді ме екен? Ол сайлау алды тексерістерден қалай өтіп, депутаттықа сайланды?

Осы сұрақпен қалалық әкімінің аппарат жетекшісіне хабарластық.

«Телефонның ар жағынан: «Бізде түскі ас уақыты. Мен ештеңе айта алмаймын», – деген Дана Калееваның жауабын алдық.

Бірақ, ол кезде негізі жұмыс уақыты болатын. Ал, одан кейін мәслихатқа хабарласып едік, телефон тұтқасын ешкім көтермеді.

«Бұл мәселе бізге қатысты емес. Оны депутаттыққа қаладағы ірі кәсіпорын ұсынды. Ол әрине өзінің мандатынан айырылды», – деп мәлімет берді қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина.

Адам саудасымен айналысты деп басы бәлеге қалған экс депутат осында бір айдан астам уақыт бұрын Сенатқа депутаттар сайлау кезінде облыстық басылымның бірінші бетінен орын алғанын көзіміз шалған еді.

Юлия Каралаштың әлеуметтік желідегі парақшаларын зерделей отырып көптеген жайтқа қанық болдық. Тіптен көңілге күдік келтіретін жағдайлар бірден көзге ұрып тұр. Оның Karalash Fashion Company әшекейлер, киімдер, косметикалар сататын интернет дүкені бар екен. Осы дүкені үшін ашқан ВКонтакте желісіндегі парақшасында жеңгетайлық саудасын қыздырып отырған жарнамаларды беріп отырған.

«Әзірге не болары белісіз. Тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда оның қандай қызмет атқарып жүргенін білмеймін. Дүйсенбі хабарласыңызшы, біз бәрін анықтап берейік», – деп жауап берді«ССГПО» АҚ БАҚ байланыс маманы Наталья Ермаченко.

Оның ВКонтакте желісіндегі парақшасында «Дубайдағы қонақ үйлерге даяшы, бармен, массажистер керек. Жалақысы жоғары» деген хабарландырудың астарында жымысқы саясат жатқанын бірден аңғаруға болады. Тіптен жасы 30-ға дейінгі қыздар деп жазып қойған.

«2017 жылдың 25-27 тамыз аралығында Қостанай облысының аумағында республикалық «SТOP трафик» атты жедел алдын алу шаралары өтті. Ол адам саудасының алдын алу болатын. Рудныйдағы шулы дерек осы кезде белгілі болды»,– делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз