Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алғабас-6 шағынауданында тағы бір үй қисайып қалды

“Сырт қарағанда, үйдің қисайғаны байқалады. Алайда оның қаншалықты қисайғанын мамандар анықтайтын болады. Олар қазір сол жерде жүр. Мамандар шешіміне сәйкес, тұрғындарды басқа жерге қоныстандыру мәселесін қарастырамыз”, – деді Руслан Иманқұлов.

Комитет дерегінше, тоғызқабатты үйге тұрғындар биылғы жылдың 27-шілдесінде қоныстанған екен. Мұнда барлығы 54 пәтер бар.

Қазіргі күні Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің және қалалық әкімшілік Құрылыс басқармасының мамандары осы жерде жүр.

Айта кетелік, бұдан бұрын Алғабас-6 шағынауданында тағы бір үй қисайып қалған еді. Тұрғын үйді 2014 жылы “Астана құрылыс” компаниясы тұрғызған болатын. Мұнда барлығы 72 пәтер бар. Тұрғындар мемлекеттік бағдарлама бойынша бұл жерге 2015 жылдың қазанында қоныстанған еді. Аталған жағдайдан кейін шағынаудандағы барлық көпқабатты үйлер тексеруден өткізілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз