Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әкімдіктегілерге жағдайы нашар отбасылардың тізімін жасау ұсынылды

112

Ағымдағы жылы 4 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жазамен қамтылса, полицияның қолдаухатымен 700-ге тарта ата-ана құқығынан айрылып отыр.

Өкінішке қарай, осындай қадамдар тек әлеуметтік жалғыздық деңгейін арттыра түседі және балалардың жағдайын қиындатады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруына әлеуметтік факторлар ықпал етеді, яғни отбасындағы қолайсыз жағдайлар, материалдық проблемалар мен өмірдегі өзге де қиындықтар себеп болады. Осыған байланысты кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың құқығын қорғауда қолданыстағы қадамдарды қайта қарастырудың уақыты жетті», – деді Алексей Милюк.

Оның сөзіне қарағанда, медициналық-әлеуметтік тіркеу түрінде жекелей профилактиканың жаңа шарасын енгізу ұсынылып отыр. Яғни полицияның тіркеуімен қатар, жергілікті атқару органдары да әлеуметтік проблемаларды шешу үшін медициналық-әлеуметтік есепке алу шараларын жүргізуі тиіс.

Бұл тұрғыда полицияның қатысуынсыз маскүнемдіктен емдеу, тұрмыстық мәселелерге қатысты жұмыстар ескерілген жөн. Өз кезегінде полиция да өзінің алдын алу жұмыстарын жалғастырады. Осы кешенді қадам іске қосылуы үшін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу керек болып тұр.

Белгілі болғандай, жыл сайын ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтар мен қараусыз жүрген 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған балалар жеткізіледі. Олардың ішінде жартысынан астамы түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден алшақ жерлерде жүргені үшін назарға ілігеді. Өткен жылы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына 7,5 мың бала орналастырылды, соның арасында қараусыз әрі панасыз болған 6 мың бала байқалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз