Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әкім кеңесшісі мен мәслихат депутаты ұшыраған жол апатына қатысты жаңа деректер пайда болды

Полицейлердің мәліметінше, ГАЗ 53 жүк көлігі техникалық ақауларға байланысты жолдың оң жақ шетінде тұрған. Мақтаарал ауданының 1962 жылғы тұрғыны осы кезде жүк көлігін жөндеп тұрған. Бір сәтте  Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлік келіп, жүк көлігінің артқы жағына барып соғылған. Басқармадағылар Toyota көлігін Түркістан қаласының 1985 жылғы жүргізушісі басқарғанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал екі жолаушы – облыс әкімінің кеңесшісі мен депутат алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

“Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (“Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы”) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Екі көлік те айыппұл тұрағына жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл мен ақпарат басқармасындағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін ОҚО-да әкімнің кеңесшісі мен мәслихат депутатының жол апатынан қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз