Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақышев Қазақстанның алтын-валюта қоры 90,3 млрд долларға жеткенін мәлімдеді

Оның айтуынша, баға тұрақтылығы Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі мақсаты саналады. Осы жылы инфляция деңгейінің нысаналы дәлізі 5-7%-ды құрайды, 2020 жылдың соңында 4%-дан төмен деңгейге қол жеткізу жоспарланып отыр.

“Екі жылдан аз уақыт ішінде біз инфляцияны үш есеге дейін, атап айтқанда,  2016 жылғы шілдедегі 17,7%-дан 2018 жылғы мамырдағы 6,2%-ға дейін төмендете алдық”, – деді Д. Ақышев.

Оның сөзінше, болжанатын инфляция деңгейі жыл басындағы 7,1%-дан 2018 жылдың мамырындағы 6,0%-ға дейін төмендеді.

“Біздің болжамымызға сәйкес, Brent маркалы мұнайдың құны бір баррель үшін 60 доллар болған кезде, 2018 жылы елімізде жылдық инфляция 5-7%-ды құрайтын болады, бұл ретте жоғарғы шекараға жуықтай отырып 2019 жылы жаңа пайыздық дәліз– 4-6%-ға сырғып өтеді”, — деп түсіндірді Д.Ақышев.

Ақышев конференция қатысушыларына 2018 жылғы мамырдағы жағдай бойынша елдің алтын-валюта қоры  90,3 миллиард АҚШ долларына (жалпы халықаралық резервтер – 31,1 миллиард доллар, Ұлттық қордың резервтері – 59,2 миллиард АҚШ доллары) жеткенін айтты.

“Қазақстан экономикасы орнықты өсу жолында. Clearstream мүмкіндігі нарықта осы оң үрдістерді қолдайды деп санаймыз”, — деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз