Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Ақышев: 7-20-25 бағдарламасы бойынша 2352 өтінім мақұлданды

Ол сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасын жылдам бастап, іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

«Қысқа мерзім ішінде қажетті инфрақұрылым құрылды, ақпараттық кампания кеңейтілді, банктермен және халықпен белсенді түрде жұмыс жүріп жатыр.

Тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте біз Бағдарламаға өзгерістер енгізілді. Шымкент қаласы және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтары сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды.

Әкімдіктер және құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй нысандары есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді. Баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді.

«Баспана» ипотекалық ұйымының жергілікті атқарушы органдардың теңгемен облигацияларын баспана салу үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі көзделген», – деді Д. Ақышев.

Жиын барысында ол, құны 10 млн теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді.

Бұл кезде ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады, тиісінше банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек екен. Себебі несие бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар.

«Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары қажет», – дейді Д.Ақышев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз