Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-5
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Ақындар айтысы: «Алтын домбыраның» иесі анықталды

101

Ақындар тіл, ұлттық рух пен ел болашағы туралы жырлады. Қыз бен жігіт айтысында әдемі әзіл айтылды. Ақтық сынға Сара Тоқтамыс пен Жандарбек Бұлғақов, Жарқынбек Наушабек пен Сырым Әуезхан, Айнұр Тұрсынбаева мен Әсет Дүйсебаев шықты.

«Айтыс – қазақ халқына ғана тән ұлы өнер. Жігітті талантына сай түстеген ақындар айтысы өте тартысты өтті. Ешкім ешкімнен кем емес»,- деді Қазақстанның халық ақыны, қазылар алқасының төрағасы Қонысбай Әбіл.

Кейін жүлдегерлер анықталды. Қазылар алқасының шешімімен Данияр Алдабергенов, Қуаныш Шарманов, Мурадым Ерланов және Сағадат Нұрманов алғыс хат пен 350 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ІІІ орын Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаевқа бұйырды. Олар 750 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болды. Екінші орынды Жарқынбек Наушабеков алды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді.

Бірінші орын алған Сырым Әуезханға 2 млн теңгелік сыйлық табысталды. Ал бас жүлдеге тігілген 3 миллион теңге мен «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.

«Ақтөбеліктер алты сағат бойы айтыс тыңдап, тапжылмай құрмет көрсетті. Ақындарымыз өнерлерін аяп қалған жоқ. Айбынымызды асырды, рухымызды тасытты. Бәріміз шабыттанып отырмыз»,- деді Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз