Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтоты Райымқұлова: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға белсенді түрде ықпал етеді

489

Шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, ICTM және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірлесіп ұйымдастырады.

Кездесу  Алматыда гибридті форматта өтеді. Аргентина, Португалия, Бельгия, Германия, Швецария, Австралия, Венгрия, Латвия, Солвения, Түркия, Словакия, Қытай және Грузиядан келген шетелдік ғалымдар конференцияға видео байланыс арқылы қатысады.

Симпозиумда ғалымдар талқылайтын негізгі ғылыми мәселелер – ХХІ ғасырдағы этномузыкалық зерттеулер мен музыкалық мұрағаттардың қызмет ету көздеріне инновациялық көзқарастар. Зерттеу тобының төрағасы, доктор Сусана Сардо (Авейру, Португалия) айтқандай: «Біз коммуникация және ақпараттық технологияларды дамыту маңызды саналатын бәрі қолжетімді заманда өмір сүрудеміз. Бұл қолданыстағы музыкалық мұрағаттар үшін жаңа міндеттер мен заманауи ақпараттық кеңістіктерді құру және дамыту мүмкіндіктерін тудырады».

Зерттеу тобының жұмысына алғаш рет Қазақстанның зерттеушілері қосылады. Олар фольклорлық-этнографиялық экспедициялар материалдарын сақтау, фольклорлық зерттеу зертханаларының жұмысын, түркі халықтарының ортақ музыкалық мұрағатын құру мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ұлттың мәдени мұрасын қайта бағалаудағы қазақ мәдениет қайраткерлерінің жеке мұрағаттарының рөліне назар аудармақ.

«Тарихи ресурстар» тобының жұмысына отандық зерттеушілердің қатысуы – авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болып саналатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бағыттары тұрғысынан зерттеуде аса маңызды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова симпозиумға қатысушыларға арнаған құттықтауында қазақтың музыкалық дәстүрлерінің материалдық емес мәдени мұрасын сақтауда тарихи дереккөздерді зерттеудің ерекше маңыздылығына мән берді.

— Осы симпозиум туралы айта отырып, оны ұйымдастырудағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақ ұлттық консерваториясының ынтымақтастықты сақтаудағы лөлін ерекше айтқым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры көптеген жобаларында жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға белсенді түрде ықпал етеді, ұлттық мәдениетті сақтауға және жаңартуға бағытталған шығармашылық жобаларды қолдайды, — деді министр.

Ал Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев симпозиум жұмысының бағыттары мен жоспарларының үйлесімділігі жөнінде айтты.

— Бүгінгі басқосуымыз қазақ этномузыкатануының дамуындағы жаңа кезеңнің белгісі. Біздің оқу орнымыз музыкалық дәстүрге тарихи көзқарастың маңыздылығын түсіне отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, тарихи ресурстар саласында бірқатар ғылыми жобаларды ұйымдастыру, дыбыстық мұрағаттарды цифрландыру және мұражай коллекциялары бойынша жұмыстарды іске асырып жатыр, — деді Арман Жүдебаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грант иегері Валерия Недлина болса, бірлескен осы жобаны жүзеге асырудағы жас ғалымдардың рөліне тоқталды.

— Симпозиум Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұзақ мерзімді және жүйелі жұмысының нәтижелерінің бірі. Жас ғалымдарды қолдау, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесімен ынтымақтастығым 2017 жылы өткен Дүниежүзілік конференцияға қатысу үшін Қордың саяхат грантын алуымнан басталды. Соңғы төрт жылда ол материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаһандық мәселелерін талқылауға қазақстандық жас ғалымдарды қатыстыруға мүмкіндік беретін нақты нәтижелер көрсетті, деді Валерия Недлина.

Дәстүрлі түрде ICTM зерттеу топтарының симпозиумдары соңғы екі жылда аяқталған жобалардың нәтижелерін және зерттеудің жаңа бағыттарын талқылау алаңына айналады. Сонымен, қазақстандық қатысушылар Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясы қорының және музыкалық этнограф Александр Затаевичтің мұрасын зерттеуге арналған екі ірі мұрағаттық жобаны таныстырады.

Өз кезегінде шетелдік зерттеушілер мұрағат ісінің теориясы мен тәжірибесі, «бұрынғы жады» ұғымын ғылыми айналымға енгізу, Еуропаның әртүрлі елдеріндегі музыкалық-этнографиялық далалық зерттеулерді мұрағаттау және цифрландыру саласындағы жаңа зерттеулерін ұсынады.

Симпозиум жұмысы 6 қарашаға дейін өткізіледі. Кездесу қорытындысы бойынша мұрағаттарды заманауи мәдени кеңістікке біріктіру және жұмыс істеп тұрған және жаңадан ашылып жатқан мұрағаттар үшін заманауи ақпараттық жүйелерді құру бойынша ұсыныстар әзірленуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз