Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбенің №24 лингвистикалық мектеп-гимназия ұжымы республикалық байқауға белсенділікпен қатысуда

244

Байқаудың мақсаты — аға буын мен жасөспірімдердің арасындағы сабақтастығын, қазақ халқының мәдениетін, ана тілін, дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталған. Іс-шараның мақсат-мүддесімен, байқау шарттары мен бөлімдерімен танысқаннан кейін ата-аналар мен оқушылардан да қолдау тапты.

Мектеп-гимназияның тәрбие жұмысының мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы» аясында білім алушылардың бойына ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді меңгерген, ұлттық рухани құндылықтарымызды сіңіре отырып, еліне, жеріне деген мақтанышы мен  келешегіне үлес қосар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғалар қалыптастыру.

Осы мақсатпен үндескен іс-шараға қатысу ұжым үшін қиындық тудырған жоқ. Осы байқаудың арқасында оқу жылының басталғанына 10 күн болғанына қарамастан іс-шараның бөлімдерін бірлестіктер бөліп алып, қызу дайындыққа кірісті. Байқаудың бөлімдерінің тақырыптары да сондай керемет таңдалған. Байқаудың он бөлімін он бірлестік бөліп алды. Шараға дайындалу барысында салт-дәстүрлерімізді  үлкен қариялардан сұрап, мұражайларға барып ізденіс жұмыстарында жүргізді. «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті-сол ұлттың жаны, жан-дүниесі» бөлімі бойынша ардагер ұстаздар: Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері Қыстаубаева С.А., Арыстанова Б.С., еңбек ардагерлері Адилжанова Б.Н., Әділжанов А.Қ., Бақтарбаев Қ.Ш. қонақта болып, жастармен ой бөлісіп, ақыл-кеңестерін берді.

«Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» тақырыбында 5-11 класс оқушылары өз ойларын эссе жазу арқылы жеткізді. Көкейіндегі көрікті ойды қағазға түсіріп, тіл мәртебесіне деген құрметін көрсетті. Мектеп-гимназиямыздың «лингвистикалық» статусы болғандықтан, бұл бөлімге 350-ге жуық бала қатысты.

«Мәдениет-ұлттық қайта өркендеу коды» атты дөңгелек үстелге: Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теолог маманы Бекжан Қуантайқлы, Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының төрағасы, «Дарын» сыйлығының иегері Табылғанов Ж.М,  2020 жылғы Республикалық «Үздік педогог» конкурсының жеңімпазы, «Қазақстан әкелері» республикалық әкелер қоғамдастығының мүшесі Еркін Теміржанұлы және Ақтөбе облысы ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы, «Ербақыт» патриоттық клубының төрағасы Марат Айтуғанұлы келіп, өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қоса аталмыш байқаудың тақырыптары мектеп-гимназиямыздың жоспарына, бұрыннан өткізіліп келе жатқан шараларымызға етене жақын болған себепті қалған бөлімдерде де белсене қатысуға тырыстық. Мәдениетімізден хабар берер барлық шараны ұйымдастыруға, сол ісімізді көпшілік назарына ұсынуға тырыстық. Осы байқауға қатысу арқылы төл тарихымызға кеңінен шолу жасалды десе де болғандай.

Осы байқаудың «Жетістіктер тарихы» бөлімі бойынша мектеп-гимназия үшін керемет деуге тұрарлық кездесу ұйымдастырылды. Тәуелсіздік алғалы әлемдік UFC додасына шығып жүрген отандастарымыздың саны 5-ке жеткен жоқ. Ал осы додада өнер көрсететін екі отандасымыз Сергей Морозов пен Жалғас Жұмағұлов (Ақтөбе тумасы) осы кездесуге арнайы келді. Мектеп-гимназиямыздың оқушыларына, ұстаздарына патриотизмнің, елге қызмет етудің үлкен дәреже екенін көрсетті.

«Талант -табиғаттан, талап-өзіңнен» бөлімі бойынша қолданыстан шығып қалуға даяр тұрған төл мұраларымыз жайында біраз бейнетүсірілімдер мен танымдық сағаттар ұйымдастырылды. Бұл бөлім бойынша ұжымымыздың ата-аналары да белсене құатыса білді.

Кейінгі ұрпағыма деп қалдырған аманат дәстүрлерді барынша көркем түрде жеткізе білді.

«Ұлы дала өркениеттері» байқауының тәрбие саласында, мәдениетті дамыту саласында және ата-аналармен мектепті байланыстыруда тигізген әсері зор болды. Мәдениетіміздің қайнар бұлағынан қанып ішуге бағытталған, ұлттық кодтарымызды дәріптеуге арналған іс шараларының талайға тәлім болары анық. Сан ғасырлық тарихымыздан сыр тартатын киелі Жамбыл өлкесінің мұндай бастаманы көтергеніне ризашылығымызды білдіреміз. Бір ғана  байқаудың септігі арқасында қаншама білім ордасында қыруар жұмыстар атқарылды, қаншама идеялар жаңғырып төл мұрамыз кеңінен насихатталды. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, кеңінен насихатталса ғана өзге елдер дәстүрімізге аттарын қаңтарып, мойын бұруы ғажап емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз