Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбелік жігіт Германиядағы сән сахнасын бағындырды (фото)

“Атырауда біз ағам екеуміз event-агенттік ашып, той ұйымдастырумен айналысып жүрдік. Былтыр ақпан айында Польшаға моделдік курстан өтуге барған едім. Сол жерде мамандар мені байқап, варшавалық агенттікпен келісім-шартқа отырдым”, – дейді ол.

Әділет “жігітке сән көрсету ерсі” деген ұғымды қалай қабылдайтынын да айтты.

“Әрине біздің менталитет мұндайды қабылдамайды, әрі бұл индустрия елімізде кенже дамыған. Түрлі фотосессиялар, көрсетілімдер болады. Егер ол жерде өзіңді қолайсыз сезінсең, бас тартуға болады. Адамдар жігіттердің макияж жасағанын ұнатпайды. Бірақ бұл жұмыс. Сондықтан ұялудың қажеті жоқ. Мені отбасым, достарым қолдайды. Бұл ең басты көмек”, – дейді ол.

Қазіргі уақытқа дейін Сағидолла Via-Moda Fashion day, Poland Fashion Week, Warsaw Street Fashion және ең беделдісі Mercedes Benz Fashion Week апталықтарына қатысып үлгерген.

“Модель болу үшін бойың 184 см-ден жоғары, жасың 23 шамасында болуы керек. Және спорттық, арық дене бітім қажет. Қазір агенттіктер әртүрлі типаждағы жігіттермен жұмыс істейді. Дене бітімімді сақтаудың менде айтарлықтай құпиясы жоқ. Ең бастысы спортпен жиі айналысамын”, – дейді Әділет.

Екі ай бұрын ғана Шанхайдан оралыпты. Ол Қытайда жарты жылдай модель болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда Астанада оқып жатыр. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қатар қытай, поляк, чех тілдерін де меңгерген жігіт болашағына қатысты әлі нақты шешім қабылдамапты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз