Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жүр

«Аяқ киім жөндеу шеберханасына «Мейірім» бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі келді. Алдымен бір ай бақылау жүргіземіз. Кез келген адам аяқ киім тігіп, шебер бола алмайды. Шыдамдылық пен төзімділікті, тұрақтылықты қажет ететін мамандық адам талғайды. Сондықтан олардың кейбірі 2-3 ай үйренуі мүмкін», — деді кәсіпкер Айтқали Тақауев.

Аяқ киім тігуге машықтанып жүрген жастар күн сайын шеберханаға барады.

«Аяқ киім жөндеуге қажетті құрал-жабдықтың тізімін Кәсіпкерлер палатасына береміз. Ал біз желім, резеңке, былғарыны Ресей, Башқұртстаннан алып, көмектесеміз. Алғашқы күндері олардың іс бастауына, жұмысты тиімді жүргізуіне жағдай жасалады. Тіпті олар арнайы шеберхана ашып, жұмыс істеген кезде білікті шеберлер көмектесіп, өз ақыл-кеңесін береді. Өз қамқорлығымызға алған балаларды жарты жолда тастап кетпейміз», — деді ол.

Айта кетейік, бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекенім» акциясы аясында атқарылып жатқан іс.

«Аяқ киім жөндеу шеберханасынан тәжірибе жинап жүрген бір адам жеке кәсіпкерлігін бастауды жөн көріп отыр. Аймақтық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес мектеп» жобасы аясында оқытып, кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жолдарын үйретеді. Сонымен қатар, грант алуға мүмкіндік беретін бизнес жоспар әзірленеді», — деді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Қазмұхамбетова.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз