Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбелік кәсіпкер тұрғындардың мазасын қашырды

2009 жылдан бері бұл жерде бірнеше үй салынған. Ал ескі бекеттің май қалдығы құйылған жерасты бөшкелері сол күйі тұр. Тұрғындар ойын балалары ашық жатқан бөшкелерге түсіп кете ме деп алаңдайды. Айтуларынша, қараусыз қалған жерді сатып алған кәсіпкер газ құю стансасын ашатынын айтыпты.

Қуантай Ермұхамбет, қала тұрғыны:

– Бізге сатқан адам бұл жанар-жағармай құю бекеті 5-6 жыл жұмыс істемей тұр деді. Негізі салынғанына 15-16 жыл болған. Бір айдың шамасында мына жерді тазартып, қоршауды алып кетті. Газ құю бекетін саламыз деді. Енді жер қатынастары бөліміне барсақ, айтады: «Аға, олардың статустары сіздерден бұрын алынған, салуға құқықтары бар», – дейді. Үйдің қасына неге рұқсат бересіздер деп айттым.

Бұл бекеттің үйлердің ауласына жақын тұрғаны соншалық, арада адам өтетін жер жоқ. Атқарушы билік өкілдері бұл мәселеден хабардар болғаннан кейін ескі бекетті сатып алған кәсіпкерді іздеуге кірісті.

Ұшқын Мыңбаев, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

– Санитарлық талаптарға сәйкес, жеке тұрғын мен жанар-жағармай құю стансаларының арасы СНИП-ке сәйкес, 50 метрден кем болмауы керек. Яғни аталған нысананы мақсатына сәйкес пайдалану мүмкін емес. Бұл кәсіпкердің байланыс телефондарын қарап жатырмыз, қазір хабарласамыз, шақырып, сөйлесеміз. Жанар-жағармай бизнесімен айналысамын десе, басқа жер учаскесін ұсыну жағын қарастырамыз немесе нысаналы мақсатын өзгертіп, сол аумаққа қажетті кәсіп түрін ашуға көмектесуге дайынбыз.

«Заречный-4» тұрғындары бұл ауданға не салу қажеттігін өздері ұсынды. Бұл маңда ірі сауда орны жоқ. Спорт нысандары да жетіспейді.

Ырысжан Есекенова, қала тұрғыны:

– Әр 50 метр сайын бұл жерде жанармай құю бекеті. Одан да біздің тілегіміз, сол жасөспірім балалар демалып, ойнайтын жері жоқ. Неге осы жерге бір спортпен айналысатын демалыс орнын салмайды. Бір кешен салсын.

Тілшілерге шағымданған тұрғындардың тілегі аяқ асты қалмады. Қала билігі ол жерге газ құю бекетінің салынбайтынын айтып, кәсіпкерге басқа аумақтан жер телімі беріледі деп шешті.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз